Рафат Ильматовты еске алуға арналған 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында еркін күрес бойынша турнир өтті.

18-19 мамыр күндері өткен Семей қаласының дене шынықтыру мен сауықтыру кешенінде еркін күрестен республикалық жарысқа Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстары мен Өскемен, Семей, Риддер қалалары және шығыс Қазақстанның  аудандарынан жүзге жуық балуан қатысты.

Рафат Хасанұлы Ильматов туған қаласында еркін күрестің  негізін қалаушы, КСРО спорт шебері, ҚР  бірнеше дүркін чемпионы, еліміздің дене шынықтыру және спортына еңбек сіңірген жаттықтырушы.

Жарыстың жеңімпаздары ШҚО-ның  дене шынықтыру мен спорт басқармасының мадақтамалары мен медальдармен марапатталып қаржылай сыйақылармен марапатталды.

 

Жарыстың нәтижелері:

35 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

1.Заңғар Қабылбеков (Семей)

2. Дарын Әскербек (Тарбағатай ауданы)

3. Нияз Тоқанов (Бесқарағай ауданы)

3. Азамат Манапов (Тарбағатай ауданы)

 

38 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

1. Диасбек Толепбаев (Балқаш)

2. Ерзат Капизолдинов (Бесқарағай ауданы)

3.  Дархан Абдрамов (Екібастұз)

 

42 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

1. Егор Анчугин (Риддер)

2. Нурбол Үмітханов (Улан)

3. Арнур Акатаев (Павлодар)

3. Мади Бекеш (Павлодар)

 

46 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

1. Радион Анчугин (Риддер)

2. Еркебулан Самархан (Жарма ауданы)

3. Еламан Жумагулов (Семей)

3. Әділжан Қоныспеков (Семей)

 

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

1. Женіс Қонысбеков (Семей)

2. Мейіржан Клушев  (Риддер)

3. Азамат Мубараков (Семей)

3. Азиз Ауелханов (Павлодар)

 

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

1. Нурсат Кайырбеков (Павлодар)

2. Адай Зенов (Павлодар)

3. Акжаркын Абай (Өскемен)

3. Нұрбек Нұржакипов (Семей)

 

76 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

1. Аскар Косанов (Улан ауданы)

2. Улағат Шығыс (Семей)

3. Бахтияр Закарьянов (Семей)

3. Кирилл Щерпаков (Екібастұз)

Лейла Маудатова

20.05.17 14:47     Раздел: Единоборства     Просмотров: 104
Тэги:
leftСайт www.vksport.kz защищен Законом Республики Казахстан от 10 июня 1996 года № 6-I "Об авторском праве и смежных правах"
Яндекс.Метрика

Использование материалов
vksport.kz - без письменного разрешения запрещено.