Главная

Азия Чемпионатын бес жүлдемен аяқтады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Кеше Филиппинде шахматтан IX құрлықтық Чемпионат өз мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар бұл додада айтарлықтай жоғары нәтижелер көрсетті.

Жарыс сеньорлар мен сеньориталар арасында болды. Яғни, ойындар 50 жастан жоғары және 65 жастан жоғары ерлер мен әйелдер арасында өрбіді. Өткен жолы жазғанымыздай, аталмыш сынға тоғыз елдің кіл мықты шахматшылары қатысқан еді. Еліміз бұл жолы мықты құраммен барыпты. Оның ішінде шығысқазақстандық тәжірибелі ойыншы Алмагүл Чакеева да бар. Бір өзі үш медаль иеленді.

 – Азия бойынша бәсекелестік қызып тұр. Осы жолы да бірқатар шиеленісті ойындар өтті. Ел намысын қорғаған құрамамыз өте мықты болды. Алайда ерлер топ жара алмады. Десе де, бес жүлде иелену жаман көрсеткіш емес, – деді рапид бойынша Азия Чемпионы атанған жерлесіміз.

Сонымен, Филиппиннің Тагайтай қаласында 10 күнге созылған құрлықтық Чемпионатта қазақстандық шахматшылар барлығы бес жүлде олжалады. Атап айтсақ, Алмагүл Чакеева 1 алтын, 2 күміс, Айтқазы Баймурзин 1 қола, сондай-ақ Олег Ринас қола жүлдеге қол созды.

 

Фото спортшы тарапынан ұсынылды

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
13.11.18
Новости
Сегодня «Алтай Торпедо» провело повторный матч с «Арланом» и буквально вырвало победу в овертайме!
10.12.2018
Самой результативной волейболисткой команды, вошедшей в ТОП-5 клубного Чемпионата мира, стала Наталья Маммадова.
10.12.2018
За всю историю выступлений «Торпедо» в ВХЛ только двое хоккеистов были более безжалостными по отношению к соперникам нашей команды: Евгений Рымарев и Александр Шин.
10.12.2018
Тәуелсіздік күніне орай Жаңа Бұқтырма кентінде бокстан облыстық турнир өткен еді. Сол додада жоғары деңгейлі нәтиже көрсеткен жарыс қожайындары Елордада болатын республикалық сайыста бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
10.12.2018
Жаңа Бұқтырма кентінде бокстан Тәуелсіздік күніне арналған 2003-2004 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
10.12.2018
Сегодня «Торпедо» встретилось на выезде с пермским «Молотом-Прикамье», и, благодаря «спорной» шайбе, выиграло матч со счётом 3:2!
09.12.2018