Главная

«Дүниені дүбірлеткен жеті доданың» тұсауы кесілді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде жеті бірдей Олимпиадаға, екі рет футболдан Әлем чемпионатына барып, кейін оны кітабына жазған танымал спорт журналисі Оңдасын Елубайдың кітабының тұсауы кесілді.

Ардагер спорт журналисінің расымен де бергенінен берері көп. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатында» спортты серік етуге бекінген талантты оқушылар молынан жиналды. Сөз басында жеті бірдей төртжылдықтың басты бәсекесінің куәгері ең алдымен қай Олимпиаданың ерекше есте қалғанын тілге тиек етті.
– Барлық дода өзінше қызық. Мейрам ғой былайша айтқанда. Соның ішінде Сиднейді атап өтер ем. Себебі, алғашқы алтынның қалай келгені ерекше жайт болды. Ольга Шишигинаның жолына бәрі күмәнмен қарады. Камерамның алдынан ағып өте шықты бір кезде. Таблоға қарасақ, бірінші келіпті. Көкірегімізді қуаныш кернеп, бөркімізді аспанға аттық, – дейді журналист.
Бұл бір ғана мысал. Айтылған қызықты деректер өте көп. Сол Сидней Олимпиадасынан кейін, Афины, Турин, Бейжің, Лондон, Сочи және осы жылы жалауы желбіреген Пхенчхандағы төртжылдықтың басты додасы. Барлығының басы-қасында болды. Болып қана қоймай, суретке түсіріп, жазып, кейін оны кітап қып шығарды. Атап айтсақ, «Айшылық алысқа алты сапар», «Жеңіс туын желбіреткен жетеу» сынды еңбектері жұртшылық жүрегіне жол тартты. Шығармашылық кеш барысында келген меймандар, спортқа ден қойған оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып жатты. Спорт журналисі де барынша қызықты, тұщымды етіп жауап берді. Сонымен қатар кеш иесі соңғы жылдары өңірдегі волейбол, қысқы спорт түрлерінің ерекше қарқын ала бастағанын сөз етіп, облыс әкімдігіне үлкен алғысын білдірді. Оңдасын Елубайдың соңғы жазған кітабы жоғарыда аталған жеті Олимпиаданы қамтыды. «Дүниені дүбірлеткен жеті дода» деп аталады. Кеш соңына қарай, құрметті қонақтардың қатысуымен салтанатты жағдайда тұсауы кесілді.

Фото Камила Ботагамитова
Әділхан Есімханов

Новости
На Чемпионате Азии в японском городе Номи казахстанские мастера спортивной ходьбы сотворили историю.
18.03.2019
Кеше Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турниры өз мәресіне жетті. Өкінішке орай, отандастарымыздың бірде-бірі жүлдеге іліне алмады.
18.03.2019
Еркін күрестен ерлер Ұлттық құрамасы қазір Белорусь елінің астанасы Минскіде қызу дайындық жүргізуде.
18.03.2019
Воспитанник усть-каменогорского хоккея помог карагандинской «Сарарке» сравнять счёт в серии четвертьфинала Кубка Владимира Петрова в противостоянии с «Нефтяником».
18.03.2019
Как и предсказывал наш портал, на Чемпионате Азии по лёгкой атлетике юношеская сборная Казахстана завоевала семь медалей. Заключительный соревновательный день подарил нашей стране сразу три награды!
17.03.2019
Похоже, акиму региона Даниалу Ахметову вновь придется лично вмешиваться в проблемы спортивных функционеров. На этот раз открытое письмо на его имя написали родители воспитанников Академии футбола «Алтай», обеспокоенные отсутствием финансирования спортивного заведения и слухами о его реорганизации.
17.03.2019