Главная

Ең кішкентай қатысушының жасы жетіде

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде наурыздың 16-23 аралығында шахматтан 20 жасқа дейінгі ел чемпионаты өткен еді. Алайда жергілікті жастар жүлдеге іліге алмады.

Аптаға созылған сайыс аса тартысты өтті. Бұл туралы шахматтың рапид түрінен Азия чемпионы, осы жарыстың төрешісі болған жерлесіміз Алмагүл Чакеева тілге тиек етті. Аталмыш жарыс классикалық шахматтан өткен-ді. Десе де шығысқазақстандық қатысушылар жүлдеге сәл ғана жетпей сүрінді.

– Мұнда осал шахматшы келмейді. Әлем, Азия чемпиондары да өз мүмкіндіктерін байқауда. Азия чемпионы болған семейлік Арыстан Исанжулов жүлде алады деп топшылаған едік, ол бесінші орынға тұрақтады, – дейді Алмагүл Чакеева.

Қатысушылар еліміздің 13 аймағынан келген екен. Бәсеке ұзын саны 90-ға жуық спортшының басын қосты. Ірі додаларда жүлде алған деп сол семейлік Арыстан Исанжулов, Азия чемпионы Назерке Нұрғали, турнирдің ең жас қатысушысы, жеті жастағы тараздық Бибісара Абылайқызы, Әлем чемпионы Әсел Серікбай сынды шахматшыларды айта кеткен абзал. Айта кетейік, Бибісара өткен жылы алты жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионы болды.

Жастар арасында елордалық спортшы Жандос Агманов топ жарды. Жүлделі екінші орынға қызылордалық Аманжол Сұлтан жайғасса, Павлодар облысынан келген Тамерлан Бектұров үздік үштікті қорытындылады. Ал бұрымдылар арасында тағы бір Нұрсұлтан қаласының өкілі Әмина Қайырбекова жеңістің ең биік сатысына көтерілді. Қызылордалық Назерке Нұрғали екінші, Шымкент қаласынан келген Зейнеп Сұлтанбек үшінші орыннан көрінді.

Одан бөлек, бас төрешінің көмекшісі болған жерлесіміз өскемендік Саян Заманбек, Абылай Манақаев сынды шахматшылардың көрсеткен нәтижесіне орташа деген баға берді. Тәжірибелі шахматшының айтуынша, мұндай көрсеткішке қарап ойыншыларды сүреусіз өнер көрсетті деуге болмайды. Тәжірибенің аздығы аяқтан шалған екен. Сондай-ақ турнирдің ашылуы кезінде сөз алған шахматтан еліміздің мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев облыс орталығында ұйымдастырылған доданың сәтті шығуына қарай, ел чемпионатын келер жылы да осында өткізу жоспарда барын жеткізді.

 

Фото төрешілер тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
26.03.19
Новости
В итальянском городке Вальстанья 16 июня состоялись соревнования в рамках Открытого Кубка Европы по гребному слалому среди юниоров. В одной из попыток усть-каменогорской спортсменке Дарье Масловой удалось даже войти в тройку лидеров.
18.06.2019
Руководитель Федерации лёгкой атлетики РК остался акимом Восточно-Казахстанской области.
17.06.2019
Две пуэрториканские волейболистки, выступавшие в «Алтае-2» на правах легионеров, перестали быть частью клуба.
17.06.2019
Казахстанская команда завоевала первую медаль на чемпионате Азии по фехтованию в Токио. Руслан Курбанов занял третье место по итогам полуфинальных поединков, сообщает Olympic.kz.
17.06.2019
На 72-ом году жизни скончался заслуженный тренер КазССР Владимир Соколов.
16.06.2019
Легкоатлетка клуба «Алтай Атлетикс» с интервалом в три дня показала один из худших результатов в карьере и один из лучших. Чем вам не парадокс?
15.06.2019