Главная

Еркін Әлімжанов «Алтын қоян» турниріне қатыспақ

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық қол күрес шебері, алты дүркін Әлем Чемпионы Еркін Әлімжанов Ресейде өтетін халықаралық жарыста бақ сынауды жоспарлап отыр.

Әйгілі спортшы осыған дейін алты мәрте әлемнің үздік спортшыларын қапыда қалдырып, байрақты бәсекеде топ жарды. Одан бөлек, қарсылас шыдатпаған қаншама халықаралық турнирлері бар. Күршім ауданы, Құйған ауылының тумасы қазір 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүр. Жасы 50-ден асса да, бабы келісіп-ақ тұр. Соңғы жарысы – Түркия жерінде өткен Әлем Чемпионаты. Онда да алтын медаль үшін небір құрыш білекті спортшылардан басым түсті. Өзінің айтуынша, жаттығуды бір сәт те үзген емес. Сондықтан да спорттан алыстау жоспарында жоқ. Ендігі мақсаты – Мәскеуде өтетін «Алтын қоян» аталатын халықаралық сайысына қатысу. Бұл жарысты осыған дейін үш рет ұтқан. Биыл 20-шы рет өткізілмек. Тағы да тұғырдың ең биігінен орын алу бұйыра ма екен? Жерлесіміз өзіне таңсық емес турнирге қатыса ма, жоқ па, оны желтоқсан айында біле жатармыз.

 

Фото автордікі

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
13.11.18
Новости
Сегодня в повторном матче наша команда МХЛ вновь обыграла гостей из Новокузнецка, правда, на этот раз с преимуществом лишь в одну шайбу.
19.02.2019
Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында "Aktobe Open" атауымен таэквондоның ITF түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
19.02.2019
Ақпанның 15-17 аралығында Өскеменде тұңғыш рет джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер арасында ел чемпионаты өтті. Мұнда бір спортшының өзі бірнеше тәртіп бойынша мүмкіндігін байқаған болатын.
19.02.2019
«У нас была поставлена задача на этот год – выиграть плей-офф в Казахстане» – именно с этих слов начиналась последняя пресс-конференция президента ХК «Торпедо» Николая Проскурина. Однако, как мы видим, с задачей не то, что не справились, а даже не приблизились к её исполнению.
19.02.2019
Ақтау қаласында 14 – 17 ақпан күндері самбо күресінен 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
19.02.2019
Сегодня в Астане всё-таки прошёл последний для «Алтай Торпедо» матч плей-офф. Несмотря на то, что вчера усть-каменогорцам удалось продлить серию, второй раз подряд победить «Номад» у них не получилось.
19.02.2019