Главная

Еркін Әлімжанов «Алтын қоян» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы!

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жуырда Ресейдің астанасында қол күресінен дәстүрлі «Алтын қоян» халықаралық турнирі өтті. Шығысқазақстандық шымыр спортшы да бұл бәсекеден шет қалмады.

Мәскеуге жерлесімізге арнайы дайындалып, есемізді қайтарамыз деп бекініп келгендер көп болды. Жапония, Канада, ресейліктердің өздері де сан рет Еркін Қайнулдинұлының құрыш білегінен бармақ тістеп қалған еді. Алты дүркін Әлем чемпионының алға қойған мақсаты – өз салмағында топ жару болды. Онысы қолдан келді. Ол «Ультра Мастер Класс» санатындағы спортшылар бақ сынаған жарыста 86 келі салмақта қос қолымен де қарсылас шыдатпады. Еркін Әлімжановтың айтуынша, көбінде ресейліктермен «армфайт» өтті. Яғни, алма-кезек күш сынасу.
– Негізгі қарсыластарым жарыс қожайындары. Тегі Поздняков, мығым келген спортшы жоғары дайындықпен келіпті. Алайда қос қолмен де оның алдын орап кеттім. Оң қолмен алты, ал сол қолмен жеті мәрте күресіп шықтым. Барлығы ойдағыдай болды, – деді ол.
Одан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Белорусия және өзіміздің отандастарымыз тартысты кездесулер көрсетіпті. Еркін Қайнулдинұлының таза салмағы 82 келі болды, сол себепті оны түсірмей, 86 келіге шығуды жөн көрген екен. Сөйтіп, Күршім ауданының тумасы, саңлақ спортшы аталмыш доданы төртінші мәрте ұтты.

Фото спортшы тарапынан ұсынылды
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
14.12.18
Новости
В итальянском городке Вальстанья 16 июня состоялись соревнования в рамках Открытого Кубка Европы по гребному слалому среди юниоров. В одной из попыток усть-каменогорской спортсменке Дарье Масловой удалось даже войти в тройку лидеров.
18.06.2019
Руководитель Федерации лёгкой атлетики РК остался акимом Восточно-Казахстанской области.
17.06.2019
Две пуэрториканские волейболистки, выступавшие в «Алтае-2» на правах легионеров, перестали быть частью клуба.
17.06.2019
Казахстанская команда завоевала первую медаль на чемпионате Азии по фехтованию в Токио. Руслан Курбанов занял третье место по итогам полуфинальных поединков, сообщает Olympic.kz.
17.06.2019
На 72-ом году жизни скончался заслуженный тренер КазССР Владимир Соколов.
16.06.2019
Легкоатлетка клуба «Алтай Атлетикс» с интервалом в три дня показала один из худших результатов в карьере и один из лучших. Чем вам не парадокс?
15.06.2019