Главная

Еркін Әлімжанов: «Қазір менің соңыма түскендер көп»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Аймағымызда атағы бір басына жетіп артылатын спортшылардан қол күресінен алты дүркін Әлем чемпионы болған Күршім ауданының тумасын айтуға болады.

Соңғы рет Түркия жерінде өткен Әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеген жерлесіміз, алдына әлі де болса биік мақсаттар қойыпты. Ол жайлы қол күрес шебері жуырда Өскеменге келіп, студенттермен жолыққан кезде айтқан еді. Оның айтуынша, үлкен дайындықпен барып, сайыстарда тұғырдың биігіне көтерілген сәтінде қарсыластары мұндай нәтиженің сыры неде екен деп таңдай қағады екен. Еркін Қайнулдинұлы болса, ешнәрсені жасырмай, қалай дайындық жүргізетінін айтып беретін көрінеді. Жерлесіміздің әрбір жарыстан кейін еститіні «Енді әзірлікті күшейтіп, бар назарымыз сенде болады» дегендей қарсыластар тарапынан келетін түрлі пікірлер. Шығысқазақстандық спортшы өз кезегінде тартысты кездесуден еш жалтармайтынын айтты.

 – Қазір менің салмағымда мықтылар көбейіп келеді. Жапония, Ресей, Канада елдерінің бірқатар тәжірибелі қол күрес шеберлерімен жолықтым. Осы күні менің соңыма түскендер көп. Себебі, мен олардың алдын бірнеше мәрте орап кеткен едім, – деген еді Еркін Әлімжанов.

Жерлесіміз қазір желтоқсан айында Мәскеуде өтетін «Алтын қоян» Халықаралық турниріне тыңғылықты дайындық үстінде.

 

Фото спортшы тарапынан ұсынылды

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
28.11.18
Новости
Сегодня в повторном матче наша команда МХЛ вновь обыграла гостей из Новокузнецка, правда, на этот раз с преимуществом лишь в одну шайбу.
19.02.2019
Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында "Aktobe Open" атауымен таэквондоның ITF түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
19.02.2019
Ақпанның 15-17 аралығында Өскеменде тұңғыш рет джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер арасында ел чемпионаты өтті. Мұнда бір спортшының өзі бірнеше тәртіп бойынша мүмкіндігін байқаған болатын.
19.02.2019
«У нас была поставлена задача на этот год – выиграть плей-офф в Казахстане» – именно с этих слов начиналась последняя пресс-конференция президента ХК «Торпедо» Николая Проскурина. Однако, как мы видим, с задачей не то, что не справились, а даже не приблизились к её исполнению.
19.02.2019
Ақтау қаласында 14 – 17 ақпан күндері самбо күресінен 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
19.02.2019
Сегодня в Астане всё-таки прошёл последний для «Алтай Торпедо» матч плей-офф. Несмотря на то, что вчера усть-каменогорцам удалось продлить серию, второй раз подряд победить «Номад» у них не получилось.
19.02.2019