Главная

Қала әкімдігі Азия чемпионын құттықтады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін Өскеменде мемлекеттік органдар арасында еліміздің Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне орай жедел шахматтан командалық біріншілік өтті.

Әрине, бастысы бұл емес. Осы жарыстың басы-қасында болып, төрешілікте болған Алмагүл Чакеева жайлы. Естеріңізде болса, қарашаның басында, Филиппинде өткен сеньорлар мен сеньориталар арасындағы Азия чемпионатында өскемендік шахматшы үш бірдей жүлде иеленген еді. Оның ішінде, рапид бойынша алтын, ал блиц пен классика түрінен екі бірдей күміс медаль еншіледі. Ал бүгін, аталмыш жарыс аясында Азия чемпионы қала әкімдігінен құттықтау алды. Нақтырақ айтсақ, құттықтауды қала әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Шерубаев жеткізді. Тагайтай шаһарында үздік нәтиже көрсеткен жерлесімізге үлкен жетістіктер тілеп, алдағы еңбегіне жеміс тіледі. Одан бөлек, естелік сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде, шеберлігі айтарлықтай шыңдалған шахматшымыз, қала әкімдігіне алғысын білдіріп, алдағы уақыттарда аталмыш сайыстардың жиі өткізіліп тұруын қолдайтынын жеткізді.
Ал біріншілік нәтижесінде, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы бірінші орыннан көрінсе, екінші орынға ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жайғасты. Үздік үштікті «ҚР Энергетика министрлігі экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің ШҚО бойынша экология департаменті» түйіндеді.

Фото спортшы тарапынан ұсынылды
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
30.11.18
Новости
«Торпедо» прокомментировало ситуацию с приездом в город Леонида Метальникова вместе с Кубком Петрова.
23.05.2019
Мұндай шешім кеше Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында шығарылды.
23.05.2019
Говорите, спорт вне политики? Как бы не так!
23.05.2019
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Италияда өткен жастар арасындағы «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде жүлдені молынан алды. Оның ішінде шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетті.
23.05.2019
Леонид Метальников привёз Кубок Владимира Петрова в свой родной город, чтобы показать его всем болельщикам.
23.05.2019
Экс-главный тренер женской усть-каменогорской волейбольной команды «Алтай» теперь станет самой большой для неё угрозой.
22.05.2019