Главная

AIBA-дағы дау-дамай шиеленісе түсті

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бокстағы мәселелер күн санап күрделенуде. Бірі – оның Олимпиада бағдарламасына ену-енбеуіне байланысты болса, бірі – сол Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) басшылығына кім келеді деген сауал.

ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті) мұның алдында әуесқой бокс федерациясында болып жатқан жайғдайларға алаңдаушылық білдірген еді. Қандай жағдай дейсіздер ғой? Сол ХОК өзбекстандық кәсіпкер Гафур Рахимов AIBA басшылығына келеді дегенді естіп, тіптен, наразылығын күшейтті. Рахимовты қылмыстық топтарға қатысы бар дейді. Мұны мақалының алдыңғы санында тілге тиек еткен болатынбыз. Қазанның 3 күні сол Гафур Рахимовтың есімі ғана ассоцация президенттігіне үміткер кандидат болып тіркелген. Ал бұған дейін өз кандидаттығын ұсынған Олимпиада ойындарының жүлдегері Серік Қонақбаев бұл тізімге ілінбеді. Отандасымыз енді Халықаралық орбитражды сотқа жүгінбек. Өз сөзінде ол бұл іске қатты таң қалғанын жеткізген болатын. Еліміздің бокс федерациясы деректерінде, Қонақбаев AIBA-ның штаб пәтеріне өтінішті бір күн кешіктіріп берген-ді. Яғни, қыркүйектің 24 күні жіберіп еді, ол өтініш қыркүйектің 23 күні, жексенбіде өткізілуге тиіс екен. Сонымен қатар, Швейцарияда жексенбі күні демалыс болғандықтан, қыркүйектің 24 күні соңғы күн болуы керек деген де пікірлер жазылды. Яғни, өтінішті қабылдамауға нақты себеп те жоқ екенін аңғаруға болады.

Мұның алдында Рахимовтың бір өзі кандидаттыққа үміткер екенін естіген ХОК, «Мұндай әрекет тек бокстың ғана емес, жалпы спорттың беделіне нұқсан келтіреді» деп пікір айтқан еді.

 

Фото BNews.kz сайтынан алынды

Әділхан Есімханов

 

Дата и время публикации: 
09.10.18
Новости
«Торпедо» завершило свою выездную серию поражением от альметьевского «Нефтяника», доведя игру до овертайма.
14.12.2018
Шығысқазақстандық бұрымдылар жуырда Болгарияда өткен киокушинкай-кан каратэден Әлем чемпионатында жүлдемен қайтқан еді.
13.12.2018
Шығысқазақстандық бұрымдылар «оңтүстік астанада» өткен бокстан Мингерей Хайрудиновты еске алуға арналған халықаралық турнирден жүлдемен қайтты.
13.12.2018
В Усть-Каменогорске стартовал XXI Открытый Чемпионат ВКО по художественной гимнастике, участницами которого стали спортсменки не только из Казахстана, но и соседней России, а в качестве приглашённой звезды на ковре появилась призёр Олимпийских Игр.
13.12.2018
Сегодня «Торпедо» проведёт свой заключительный матч выездной серии, в котором встретится с альметьевским «Нефтяником». Игра начнётся в 21:30 по времени Астаны.
13.12.2018
Татьяна Николенко из Усть-Каменогорска признана лучшей теннисисткой Казахстана 2018 года.
13.12.2018