Главная

Арайлым Есімбекова: «Ана ретінде Ардақтай азаматқа алғысым шексіз»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменге Ардақ Назаров келді дегенді естіп, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға шаһардың әр бұрышынан арнайы ат басын бұрғандар көп болды расымен де.

Ең алдымен студенттер, жас спортшылар, одан бөлек оқытушылар мен мемлекеттік қызметкерлер дейсіз бе, аралас жекпе-жектен үш дүркін Әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері, еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Ардақ Назаровпен жолығуға асықты. Танымал спортшы айтады: «бала күнімде жаттығудан қайтқанымда аяқ-киімімнің тозығы жетіп жүретін. Әсіресе, жаңбыр жауып, соңынан жел тұрса тіптен ызғарланып, тоңазып кететінмін. Ауыр жұмыстар да шаш етектен болды» деп. Осындай жайттар мен қиындықтарды басынан өткеріп, ер жете Әлем чемпионы атағын иеленген азаматтың айтары көп болды. Ардақ Құттықожаұлының сан түрлі тақырыптағы ғибратты әңгімелері отырған жандардың әрбіріне ой саларлықтай болды. Ер-азаматтар мен жастарға ғана емес, қыздарға да ой түйетіндей тұщымды дүнелер айтылды. Осыларды естіп, іштей разы болған облыстық жастар ресурсы орталығының директоры Арайлым Есімбекова шара соңына қарай сөз алған еді.
– Ардақтай асыл ұлдарымыздың бірі облыс орталығына келіп, білгенімен бөлісуде. Өзіңіздің өнегелі сөздеріңізден жиналған қауым көп нәрсеге қанық болды деген сенімдемін. Кеңестер айтып, жастарды құнды дүниелермен сусындатып келе жатқаныңызға ана ретінде алғысым шексіз. Бұл келуіңіз соңғы рет болмай, сәті түссе аймағымыздың басқа да аудандарына ат басын бұрсаңыз деген тілегім бар, – деді ол.
Одан бөлек, танымал спортшыға Арайлым Есімбекова жастар ресурстық орталығы атынан естелік сыйлық табыс етті.

Фото автордікі
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
15.02.19
Новости
«Торпедо» прокомментировало ситуацию с приездом в город Леонида Метальникова вместе с Кубком Петрова.
23.05.2019
Мұндай шешім кеше Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында шығарылды.
23.05.2019
Говорите, спорт вне политики? Как бы не так!
23.05.2019
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Италияда өткен жастар арасындағы «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде жүлдені молынан алды. Оның ішінде шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетті.
23.05.2019
Леонид Метальников привёз Кубок Владимира Петрова в свой родной город, чтобы показать его всем болельщикам.
23.05.2019
Экс-главный тренер женской усть-каменогорской волейбольной команды «Алтай» теперь станет самой большой для неё угрозой.
22.05.2019