Главная

Ардақ Назаров: «Қазір жастар ғана емес, аға буын өкілдері де тарихты білулері тиіс»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
«Бұл өңірге алғаш рет келіп отырмын. Не десек те жеріміз кең-байтақ қой, кей өңірлерге әлі жолым түспей жүр» деп бастады аралас жекпе-жектен Әлемді үш мәрте мойындатқан сақа спортшы Ардақ Назаров.

Бүгін, яғни ақпанның 15-і күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға аралас жекпе-жек бойынша мүмкін болатын әлемдік додалардың барлығында топ жарған Ардақ Құттықожаұлы келіп, жастармен бір жолықты. Өзінің айтуынша, шаһарымызға келуіне Өскемендегі Жастар театрының жас режиссеры Дарын Қалибекұлының арнайы шақыртуы себеп болған. Мұны естіген университет басшылығы ретін тауып, студенттер мен оқытушылар қауымының, сондай-ақ басқа да салада қызмет ететін жандардың басын қосып, кездесу ұйымдастыруды жөн көрген екен. – Қазір жастар ғана емес, аға буын өкілдері де тарихты жақсы білулері тиіс, – деп сөз бастады мейман. – Аталарымыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп жер үшін жаулармен айқасты. Олардың артынан қалғанның бәрі бізге аманат. Біздің міндет – білім алып, ақыл-парасатымыз арқылы елге қызмет ету. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін ұстайды. Осылай ел тарихына бір үңіліп, қоғамдағы жайттарды саралай келе, аралас жекпе-жектің шебері ғибратты әңгімелерімен де бөлісті. Әрине, жастардың күткені де осы. Келген мейманның әр сөзіне құлақ түріп, жадынан шыққан жақсы ойларды көңілге тоқығандай болды. Уақыт өткен сайын мәжіліс залына жиналған қара саны тіпті молайды. Соған қарамастан, Ардақ Құттықожаұылының пікірін біршамасы түре геп тыңдады. Бір қызығы, көбісі сауалдар қоюға емес, қонаққа жылы лебіздерін білдіруге қамданумен болды. Бірі жүректен шыққан жыр шумақтарын арнаса, бірі спортшының қолын алып, құрметін білдірді. Өз кезегінде Ардақ Назаров жастарға ең алдымен ата-ананы құрметтеуге, қысқа өмірде барынша мол жақсылық жасауға кеңес берді. Оның айтуынша, ата-анаға сыйлық жасау дегенде, әсте қымбат дүниелер сатып алып беру емес. – Иә, анамыз бен әкеміз небір құнды сыйлықтарға лайықты. Алайда мүмкіндік болмаған жағдайда, оларға шынайы күлімсіреп қарау, биік жетістіктерге жетіп, қуаныш сыйласаң – бұл да аз нәрсе емес. Ал олардың айтқан ақылын тыңдауға құлқын білдірмей, менмендік танытсаң, бұл үлкен айып, – деді танымал спортшы. Бұдан бөлек, көптеген ой салар пікірлер айтты құрметті мейман. Әсіресе, ел қорғаны болар ер-азаматтарды барынша намысты, болашақ үшін қам жейтін жанашыр болуға шақырды. Шара соңына қарай, келгендердің барлығы мейманды ортаға алып, онымен естелік суретке түсуге асықты. Жастар легімен кезекті рет жолыққан Әлем чемпионы бұл жүздесуге дән риза болды.

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
15.02.19
Новости
«Торпедо» прокомментировало ситуацию с приездом в город Леонида Метальникова вместе с Кубком Петрова.
23.05.2019
Мұндай шешім кеше Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында шығарылды.
23.05.2019
Говорите, спорт вне политики? Как бы не так!
23.05.2019
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Италияда өткен жастар арасындағы «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде жүлдені молынан алды. Оның ішінде шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетті.
23.05.2019
Леонид Метальников привёз Кубок Владимира Петрова в свой родной город, чтобы показать его всем болельщикам.
23.05.2019
Экс-главный тренер женской усть-каменогорской волейбольной команды «Алтай» теперь станет самой большой для неё угрозой.
22.05.2019