Главная

Аргентинада үш бірдей жүлде иеленді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Буэнос-Айрестегі Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары бүгін өз мәресіне жетеді. Дүбірлі доданың аяқталар тұсында қазақстандық былғары қолғап шеберлері үздік нәтижелер көрсетуде.

Финалдық жекпе-жектердің алғашқы күні отандастарымыз әр түрлі медальдар жиынтығын иемденіп үлгерді. Olympik.kz-тің хабарлауынша, ауыр салмақтағы Айбек Оралбай (91 келіге дейін) Алжирдан келген Мохаммед Амин Хасидті ұпай санымен ұтты. Жоғары деңгейде өткен кездесуде төрешілер бір ауыздан Айбекті жеңімпаз деп таныды. Спортшының айтуынша, алжирлік боксшымен бұған дейін де жолығып, ол кезде де женген екен. Тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Дамир Тойбай (+ 91 кг) ақтық сында ресейлік Алексей Дроновпен кезікті. Алайда қарсыласына ұпай санымен есе жіберіп, аламанның алтын жүлдесіне қол жеткізе алмады. Бұл жерде төрешілер шешімі екі жақты болғанын айта кетейік. Сондай-ақ, бұрымдылар арасында Тайландта өткен жастар арасындағы Азия Чемпионатының жеңімпазы Надежда Рябец (75 кг дейін) алжирлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Тағы бір боксшымыз Талғат Шәйкенов (64 кг дейін) бүгін Астана уақытымен сағат 23:15-те Ресей елінің өкілі Илья Поповпен финалдық кездесуін өткізеді.

 

Фото еліміздің бокс федерациясы дерегімен әзірленді

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
18.10.18
Новости
Сегодня «Алтай Торпедо» провело повторный матч с «Арланом» и буквально вырвало победу в овертайме!
10.12.2018
Самой результативной волейболисткой команды, вошедшей в ТОП-5 клубного Чемпионата мира, стала Наталья Маммадова.
10.12.2018
За всю историю выступлений «Торпедо» в ВХЛ только двое хоккеистов были более безжалостными по отношению к соперникам нашей команды: Евгений Рымарев и Александр Шин.
10.12.2018
Тәуелсіздік күніне орай Жаңа Бұқтырма кентінде бокстан облыстық турнир өткен еді. Сол додада жоғары деңгейлі нәтиже көрсеткен жарыс қожайындары Елордада болатын республикалық сайыста бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
10.12.2018
Жаңа Бұқтырма кентінде бокстан Тәуелсіздік күніне арналған 2003-2004 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
10.12.2018
Сегодня «Торпедо» встретилось на выезде с пермским «Молотом-Прикамье», и, благодаря «спорной» шайбе, выиграло матч со счётом 3:2!
09.12.2018