Главная

Асқар Можанов: «Құрлықтық додаларда үнемі үздік шығуға тиіссіздер»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Облыс орталығындағы «Жекпе-жек» сарайына өңірдегі кіл мықты боксшылар бас қосты. Аймақ біріншілігінде үздік атануға ұзын саны 200-ге жуық спортшы жиналған екен.

Өскеменде бастау алған бокстан аймақ біріншілігінің ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысып, жылы лебізін білдірді. Жылы лебізін білдіріп қана қойған жоқ, боксшылардың ерік-жігерін қамшылап, алдарына тау мақсат қою керектігін баса айтты.

 – Соңғы уақыттары боксшыларымыз үлкен додаларда жүлде иеленіп жүр. Ермахан Жакпеков жастар арасында Әлем Чемпионатының күмісін олжалап, күллі қазақ жұртын қуантты. Жарысқа барған сайын тұғырдан орын алуды ғана ойлау керек. Құрлықтық додаларда тек бірінші орыннан көрінуге тиіссіздер. Ал одан да ірі байрақты бәсекелерде үздік үштіктен көрініп жатсаңыздар, мұның өзі үлкен жетістік, –  деді ол.

Басқарма басшысының спортшыларға мұндай үлкен мақсат қоюына салмақты негіз бар. Себебі, оның өзі де спорттан кенде емес. Естеріңізге сала кетейік, Асқар Байжігітұлы өз уақытында кикбоксингтен жеңіл салмақта Әлемді бес рет мойындатқан танымал спортшы. Одан бөлек, оның кәсіпқойлар арасындағы Әлем Чемпионы, Еуропы Чемпионы сынды жетістіктері жетіп артылады.

 

Фото Камила Ботагамитова

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
23.10.18
Новости
Біріккен күрес Әмірінің мүшесі, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Дәулет Тұрлыханов VKsport.kz сайтының тілшісіне өңірдегі грек-рим күресінің аяқ алысы жайлы ойын ортаға салған еді.
20.05.2019
Мамырдың 17-18 күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында грек-рим күресінен КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне II ашық облыстық турнир өтті.
20.05.2019
Ольга Сафронова из Павлодара в этом сезоне пока является главной звездой казахстанской лёгкой атлетики. Серию своих успешных выступлений, начавшуюся ещё в в Катаре на Чемпионате Азии она, похоже, и не думает завершать. Буквально вчера она выиграла две медали в далёкой Японии на местном этапе серии "Мирового Вызова".
20.05.2019
В свой заслуженный выходной юные спортсмены профессионального легкоатлетического клуба "Алтай Атлетикс" провели, прогуливаясь по одному из знаковых мест Алматы.
20.05.2019
Главная героиня сегодняшнего дня Елизавета Матвеева рассказала в экспресс-интервью корреспонденту сайта VKsport.kz о том, как сложился для неё пока самый успешный старт в её карьере.
19.05.2019
Усть-каменогорская легкоатлетка клуба «Алтай Атлетикс» Елизавета Матвеева совсем недавно выиграла Чемпионат Казахстана среди юниоров. Но этого ей оказалось мало!
19.05.2019