Главная

Балуандар Италияда ел мерейін асырды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Италияда өткен жастар арасындағы «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде жүлдені молынан алды. Оның ішінде шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетті.

Сассари шаһарында өткен додада қоржынға он алты медаль түсті. Он алты! Иа, жастар құрамасының мұндай нәтиже көрсетуі ел көлемінде әр салмақта бәсекелестіктің жоғарылағанын, сондай-ақ бапкерлік құрамның сапалы жұмысын көрсетеді. Тұғырға көтерілгендердің көбі дерлік, сәуір айында Өскеменде өткен ел чемпионатында топ жарып, жүлде алғандар. Қызығы сол, халықаралық турнирде бір салмақта кілең қазақстандық спортшылар медаль алған сәттер болды. Атап айтсақ, 61 келіде қола медаль қарағандылық Әділ Оспановқа, күміс алматылық Асыл Айтақынға, сондай-ақ алтын медаль Дәулет Тәжібайға бұйырды. Одан бөлек, 74 келіде осы нәтиже қайталанды. Бұл жерде шығысқазақстандық Шыңғыс Мұхаметқалиевке шыдас берер ешкім болмады. Шыңғыстан ақтық сында жеңілген Дәулет Ергеш күміс, ал Әділхан Әмірханұлы турнирдің қоласын мойынға тақты. Бұдан бөлек, шығысқазақстандық балуандардан  79 келі дәрежесінде Диас Асқаров екінші, ал Тілек Қабыкенов үшінші орыннан көрінді. 57 келіде Дәулет Теміржанов, 65 келіде Талғат Сырбаз, 70 келіде Санжар Досжанов, 86 келіде Нұрасыл Жеткерген, сондай-ақ 120 келі салмақта Павлодар өңірінің тумасы Ефим Труш тұғырдың ең биігіне жайғасса, күміс медаль 57 келідегі Еламан Қадырсейіттің еншісінде қалды. Сонымен қатар, 86 келідегі Абылай Совет пен 120 келідегі Самат Тәжі үздік үштікті қортындылады. Мұндай нәтижеден соң, отандастарымыз жалпыкомандалық есепте жеке дара көш бастады.

 

Материал Kaz_wrestling_mode дерегімен әзірленді

Дата и время публикации: 
23.05.19
Новости
В итальянском городке Вальстанья 16 июня состоялись соревнования в рамках Открытого Кубка Европы по гребному слалому среди юниоров. В одной из попыток усть-каменогорской спортсменке Дарье Масловой удалось даже войти в тройку лидеров.
18.06.2019
Руководитель Федерации лёгкой атлетики РК остался акимом Восточно-Казахстанской области.
17.06.2019
Две пуэрториканские волейболистки, выступавшие в «Алтае-2» на правах легионеров, перестали быть частью клуба.
17.06.2019
Казахстанская команда завоевала первую медаль на чемпионате Азии по фехтованию в Токио. Руслан Курбанов занял третье место по итогам полуфинальных поединков, сообщает Olympic.kz.
17.06.2019
На 72-ом году жизни скончался заслуженный тренер КазССР Владимир Соколов.
16.06.2019
Легкоатлетка клуба «Алтай Атлетикс» с интервалом в три дня показала один из худших результатов в карьере и один из лучших. Чем вам не парадокс?
15.06.2019