Главная

Бас бапкер ресми түрде таныстырылды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жуырда бокстан ересектер арасындағы Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылған болатын. Мұндай шешімді еліміздің бокс федерациясының ұсынысымен еліміздің дене шынықтыру және спорт комитеті мен мәдениет және спорт министрлігі қабылдаған-ды.

Естеріңізге сала кетейік, Мырзағали Құланұлы бас бапкер қызметіне 2009 жылы тағайындалды. Содан бері бірқатар Олимпиада мен Әлем чемпиоандарын даярлап шығарды. Құрлықтық жарыстарды айтпасақ та болатын шығар. Себебі, Азия чемпионаттарында Өзбекстан құрамасымен үнемі көшбасында жүрді. Оның тұсында 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Серік Сапиев, Рио Олимпиадасында Данияр Елеусінов топ жарды. Екеуі де 69 келі салмақта. 2017 жылы Германияның Гамбург шаһарында өткен Әлем чемпионатында 56 келі салмақта Қайрат Ералиев тұғырдың ең биігіне көтерілді. Бұл жалғыз алтын еді. Ал мұның алдында 2014 жылы Алматыда өткен Әлем біріншілігінде боксшыларымыз төрт алтын жүлде иеленіп, айды аспанға шығарған еді. Осы уақытқа дейін Мырзағали Айтжанов әлемнің үздік деген құрамаларымен иық тірестіре алатын тұрақты құрама жасақтай алғанын айта кеткен абзал. Енді бұл міндетті Ғалымбек Кенжебаев атқармақ. Осы күнге дейін ол жастар құрамасының тізгінін алып жүрді. Бапкерлік құраммен жұмыс жасау бойынша еліміздің бокс Федерациясының вице-президенті Юрий Цхайдың айтуынша, соңғы уақытта ұлттық құрама мүшелерінің бокс мәнерінде ешқандай жаңашылдық, серпіліс байқалмаған екен. Дайындық барысында да ескі үрдіс. Сол себепті, осындай шешімнің қабылданғаны жөн саналыпты. Ғалымбек Қалиұлының жұмыс тәжірибесі 35 жыл. 1998 жылдан 2005 жылға дейін Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Геннадий Головкиннің жеке бапкері болды. Білікті бапкер тұсында жастарымыз екі мәрте Жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды. 2006, 2007, 2013, 2014 және 2016 жылдары Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бес рет бірінші орыннан көрінді. Ал бүгін Қарағандыда өтіп жатқан Ғалым Жарылғаповты еске алу турнирінде Ғалымбек Қалиұлы ұлттық құраманың бас бапкері ретінде ресми түрде таныстырылды. Өз кезегінде ардагерлер, білікті жаттықтырушылар бас бапкердің жұмысына тек сәттілік тіледі.

 

Материал еліміздің бокс федерациясы сайты дерегімен әзірленді

Әділхан Есімханов

Новости
На Чемпионате Азии в японском городе Номи казахстанские мастера спортивной ходьбы сотворили историю.
18.03.2019
Кеше Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турниры өз мәресіне жетті. Өкінішке орай, отандастарымыздың бірде-бірі жүлдеге іліне алмады.
18.03.2019
Еркін күрестен ерлер Ұлттық құрамасы қазір Белорусь елінің астанасы Минскіде қызу дайындық жүргізуде.
18.03.2019
Воспитанник усть-каменогорского хоккея помог карагандинской «Сарыарке» сравнять счёт в серии четвертьфинала Кубка Владимира Петрова в противостоянии с «Нефтяником».
18.03.2019
Как и предсказывал наш портал, на Чемпионате Азии по лёгкой атлетике юношеская сборная Казахстана завоевала семь медалей. Заключительный соревновательный день подарил нашей стране сразу три награды!
17.03.2019
Похоже, акиму региона Даниалу Ахметову вновь придется лично вмешиваться в проблемы спортивных функционеров. На этот раз открытое письмо на его имя написали родители воспитанников Академии футбола «Алтай», обеспокоенные отсутствием финансирования спортивного заведения и слухами о его реорганизации.
17.03.2019