Главная

Бокс Олимпиада ойындары бағдарламасында қалады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Мұндай шешім кеше Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында шығарылды.

Швейцарияда мамырдың 22-і күні комиссия зерттеу нәтижесін ұсынып, ХОК боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалады деген кесімді сөзін айтты. 2020 жылы болатын төртжылдықтың басты бәсекесі мен басқа да жарыстарға іріктеу жүйесіне келсек, оған халықаралық гимнастика федерациясының Президенті Моринари Ватанабэның басшылығымен Токиода ХОК-тің арнайы құрылған мақсатты тобы басшылық жасайды. Ал әлемнің әр жеріндегі іріктеу жарыстары келер жылдың қаңтар айынан бастап өткізілмек.

ХОК атқару комитеті бұған дейін Олимпиадаға бас-аяғы 286 спортшы қатысады делінген квота сақталып, Токиода ерлер сегіз, ал әйелдер бес салмақта сынға түседі дегенді тағы бір рет баса айтты.

Еліміздің бокс федерациясы пен Ұлттық Олимпиада комитеті ХОК атқару комиетінің боксты Олимпиада ойындары бағдарламасында қалдыру туралы шешіміне зор қуаныш білдіруде. Расымен де, былғары қолғап шеберлерінің Олимп шыңын бағындырсам деген арманына даңғыл жол ашылып, төккен тердің зая кетпейтіні құптарлық жайт. Әрі отандастарымыз медаль алу жағына келгенде осы шаршы алаң бәсекесіне арқа сүейтіндіктері рас.

 

Материал еліміздің бокс федерациясы дерегімен әзірленді

Фото m.news.yandex.kz сайтынан

 

Дата и время публикации: 
23.05.19
Новости
В итальянском городке Вальстанья 16 июня состоялись соревнования в рамках Открытого Кубка Европы по гребному слалому среди юниоров. В одной из попыток усть-каменогорской спортсменке Дарье Масловой удалось даже войти в тройку лидеров.
18.06.2019
Руководитель Федерации лёгкой атлетики РК остался акимом Восточно-Казахстанской области.
17.06.2019
Две пуэрториканские волейболистки, выступавшие в «Алтае-2» на правах легионеров, перестали быть частью клуба.
17.06.2019
Казахстанская команда завоевала первую медаль на чемпионате Азии по фехтованию в Токио. Руслан Курбанов занял третье место по итогам полуфинальных поединков, сообщает Olympic.kz.
17.06.2019
На 72-ом году жизни скончался заслуженный тренер КазССР Владимир Соколов.
16.06.2019
Легкоатлетка клуба «Алтай Атлетикс» с интервалом в три дня показала один из худших результатов в карьере и один из лучших. Чем вам не парадокс?
15.06.2019