Главная

Болгариядан қола медаль

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық бұрымды Жанель Едлипова желтоқсанның 7 мен 9 аралығында Болгария жерінде өткен киокушинкай-кан каратэден Әлем чемпионатында қола медаль иеленген еді.

Айта кетейік, жүлделі орындар жасөспірімдер мен қыздар, сондай-ақ жастар арасында, тиісті салмақ дәрежесінде сарапқа салынды. Ел құрамасы сапында екі шығысқазақстандық спортшы өнер көрсетті. Екеуі де семейлік бұрымдылар. Әлемнің үздік каратэшілері бақ сынаған дода жерлестеріміз үшін алғашқы ірі сайыс болды. Жанель Едлипова 14-15 жас аралығында, 55 келі салмақта сынға түссе, Индира Чентаева 12-13 жас аралығында, 40 келі салмақта өз мүмкіндігін байқады. Киокушинкай-кан каратэден ШҚО аға жаттықтырушысы Руслан Алшымбаевтың айтуынша, екеуі де ел намысын абыроймен қорғады. Олардың соңғы ірі жарысы - Астанадағы Азия чемпионаты болған екен. Құрлықтық біріншілікте қос каратэші де топ жарған.
Ал аталмыш додада Жанель жартылый финалда ресейлік спортшыға есе жіберді. Соған қарамастан ол жеңіліс жерлесімізге қола медаль еншілеуге кедергі болмады. Индира болса, төрешілер шешімімен екінші жекпе-жегінде қарсыласына жол берді. Бірінші айналымда айқын ұтқан болатын.

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
11.12.18
Новости
Завершился первый соревновательный день Чемпионата Казахстана по лёгкой атлетике. С удовольствием делимся с вами своими впечатлениями об итогах соревнований в остальных дисциплинах.
22.01.2019
Кеше шаһардағы «Спортта дарынды балаларға арналған колледж-интернатында» айтулы шара өтті. Себебі, бұл күні жас спортшылар олимп шыңын бағындырған саңлақтармен жүздескен еді.
22.01.2019
Ещё один чемпионский титул сборной ВКО по лёгкой атлетике принёс Андрей Соколов на домашнем первенстве Казахстана.
22.01.2019
Бүгін Өскеменде бокстан 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында ел чемпионатының екінші күні өтуде.
22.01.2019
Кенийский стайер становится Чемпионом Казахстана.
22.01.2019
Как усть-каменогорские воспитанники в составе «Барыса» начали 2019 год? Активная светская жизнь Асетова, возвращение Кудрявцева и гол Старченко в Матче звёзд КХЛ.
22.01.2019