Главная

Бұл жолы нәтижесіз...

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Кеше Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турниры өз мәресіне жетті. Өкінішке орай, отандастарымыздың бірде-бірі жүлдеге іліне алмады.

Ерлер командасы сапында жерлестеріміз Мадияр Сембаев (73 келі) пен Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) өнер көрсетті. Мадияр бірінші айналымда румыниялық Лан Носудан басым түсті. Белдесу бел ортасына жеткенде әдіс жасап, онысы вазари ұпайымен бағаланды. Осыдан кейін татами иесі Евгений Прокопчукке тап болды. Ресейлік спортшы алғаш рет талпынып көріп еді ауырту әдісін жасауға, жерлесіміз сытылып кете білді. Алайда, әдісті соңына дейін жеткізуге бекінген Прокопчук сол ауырту амалын екінші ретінде сәтті жасап, Мадиярды екінші айналымда сүріндірді. Күтпеген нәтиже 100 келіден жоғары салмақта болды. Семейлік Ерасыл Қажыбаев алғашқы айналымда-ақ жарыспен қош айтысты. Қырғыз балуаны Бекболот Токтогоновпен жолығып, кездесу мерзімі бітпей жеңіліс тапты. Қырғыз балуаны да ауырту әдісін сәтті жасап кетті.

Әйелдер арасында Зере Бектасқызы біршама тәуір өнер көрсетті. Алғашқы айналымда Босния және Герцеговина елінің өкілі Александра Смардзикпен жолыққан еді. Әрине, бастапқыда жақсы белсенділік танытты. Өкініштісі сол, қимылы сылбыр деп төреші ескертулер беріп бақты. Сөйтіп, жеңіс қарсылас еншісіне кетті. Сондай-ақ Азия ойындарының үш дүркін жүлдегері Гүлжан Исанова да ойдағыдай өнер көрсете алмады. Әрине, қарсыласы әлемдік рейтингте 13 орынға ие француз дзюдошысы Анне Фатоумата МБайро болды. Алдымен вазари ұпайын алып, кейін белсенділік танытқан МБайро жерлесімізді алғашқы айналымда сүріндірді. Осылайша, осы жолы жерлестерімізге Ресейден жүлде бұйырмады. Одан бөлек, ел намысын қорғаған 15 дзюдошы да нәтиже көрсете алмады.

 

Фото www.ijf.org сайтынан алынды

Дата и время публикации: 
18.03.19
Новости
Өскеменде шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионатында топ жарған шығысқазақстандық спортшыларды салтанатты түрде марапаттап, сый-сыяпат көрсетті.
25.04.2019
2 апреля был особенным днём. Эта дата ознаменовалась празднованием 70-летнего юбилея известного энтузиаста волейбола Жумаша Урунтаева. И 20 апреля в честь своего юбилея решил провести турнир.
25.04.2019
Кеше Өскемендегі «Дзюдо» орталығында 23 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Үздіктері мамыр айының басында өтетін ел чемпионатында бақ сынайды.
25.04.2019
Леонид Метальников выиграл главный трофей ВХЛ, оформив вместе с «Сарыаркой» рекорд лиги.
25.04.2019
Жерлестеріміздің сәуір айындағы байрақты бәсекелерде бәсі жоғары болып тұр. Дзюдошылар мен балуандардан бөлек, каратэшілер де қоржындарын кезекті жүлделермен толықтырды.
24.04.2019
Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында ел құрамасына екінші алтынды шығысқазақстандық балуан Данияр Қайсанов әперді.
24.04.2019