Главная

Бұрымдыларға сәттілік

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Кеше Ресейдің Екатеринбург шаһарында дзюдодан «Grand Slam» додасының жеребесі тартылды. Ерлермен қатар, әйелдер де алғашқы айналымда қай елдің өкілімен белдесетіндіктерін білді.

Әйелдер құрамасы сапында шығысқазақстандық екі дзюдошы өнер көрсетеді. Зере Бектасқызы 70 келі дәрежесінде ел намысын қорғайды. Жерлесіміз қазір әлемдік рейтингте 55 орынға жайғасқан. Алдымен ол Босния және Герцеговина елінің спортшысымен жолығады. Александра Самардзиктің халықаралық жарыстарда жинаған тәжірибесі жаман емес. Соңғы жарысында, яғни, Болгарияда өткен Ашық Еуропа кубогінде жетінші орыннан көрінді. Ал Азия ойындарының үш мәрте қола жүлдегері Гүлжан Исановаға (+78 келі) бірінші айналымда француз дзюдошысы Анне Фатоумата МБайро қарсы тұрмақ. МБайро 2762 ұпаймен әлемдік рейтингіде де біршама жоғары тұрған тәжірибелі дзюдошы.

Аталмыш дода live.ijf.org сайтында, Астана уақытымен сағат 12:30-да басталады.

 

Фото www.ijf.org сайтынан алынды

Материал кaz_judoteam дерегімен әзірленді

Дата и время публикации: 
15.03.19
Новости
«Торпедо» прокомментировало ситуацию с приездом в город Леонида Метальникова вместе с Кубком Петрова.
23.05.2019
Мұндай шешім кеше Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында шығарылды.
23.05.2019
Говорите, спорт вне политики? Как бы не так!
23.05.2019
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Италияда өткен жастар арасындағы «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде жүлдені молынан алды. Оның ішінде шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетті.
23.05.2019
Леонид Метальников привёз Кубок Владимира Петрова в свой родной город, чтобы показать его всем болельщикам.
23.05.2019
Экс-главный тренер женской усть-каменогорской волейбольной команды «Алтай» теперь станет самой большой для неё угрозой.
22.05.2019