Главная

Енді облыс құрамасы жасақталады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Кеше Өскемендегі «Дзюдо» орталығында 23 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Үздіктері мамыр айының басында өтетін ел чемпионатында бақ сынайды.

Осыған дейін көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлап шығарған мекемеде аймақтың кіл мықтылары бас қосты. Жүлделі орындарды сарапқа салудан бөлек, спортшылардың әрбірі барынша сапалы белдесу өткізуге барын салды. Себебі, ақтық сынға шыққандары жуырда Өскеменде өтетін ел чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндігін алатын болған еді. Мұнда өскемендіктерден бөлек, Семей қаласынан, Үржар, Зайсан, Абай және Ұлан  аудандарынан келіп қатысты. Ұзын саны 70-ке жуық. Ерлер мен бұрымдылар да татамиге беттеді.

 – Іріктеу ретінде  ұйымдастырылған бұл бәсекеден жаңа есімдерді де көріп қалуымыз мүмкін. Мұнда бірқатар спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткер дзюдошылар бар. Барлығы ойдағыдай белдесіп шықты. Енді бапкерлік құрам бабы келіскендерді облыс құрамына алатын болады, – деді дзюдодан облыстың бас бапкері Бақытбек Дуанов.

Расымен де, жұбаныш белдесулері мен ақтық сындарда бірқатар шиеленсті кездесулер болды. 81 келіде алтын медальды сарапқа салған семейлік Барақ Арқабай мен татами қожайыны Бахтияр Ағзамов бар шеберліктерін паш етті. Алғашында Барақ вазари ұпайын иеленіп, есепте алға озды. Бахитяр атойлап, таразы басын теңестіруге барын салды. Белдесу соңына дейін екеуі де әдіс жасауға ұмтылды. Алайда соңғы минуттарда Барақтың жасаған әдісі «иппонмен» бағаланып, таза жеңіске қол жеткізді. Одан бөлек, 66 келідегі Ануар Жұмагелдин мен Рауан Темірғалиев арасында тартыс өрбіді. Рауан белдесу соңынан басымдықты өз қолына ала білді. Оның жасаған вазари әдісі белдесу аяғына дейін сақталған еді, Ануар салқынқандылық таныта отырып, қарсылас жауырынын жер иіскетті.

Жоғарыда айтқанымыздай, осы жарыста ақтық сынға шыққандары маусымның 4-5 күндері Өскеменде өтетін 23 жасқа дейінгі ел чемпионатында және Талғат Ақтаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде өз мүмкіндіктерін байқайды.

 

60 келі салмақ қортындысы

 

1. Ақжол Кеңесханов (Республикалық олимпиадалық резерв спорт колледжі)

2. Әсет Төлеубек (Семей, ОРМБЖСМ)

3. Әли Жағыпаров (Зайсан ауданы)

3. Аслан Әбілқасымов (Өскемен, Дзюдо орталығы)

 

66 келі

 

1. Ануар Жұмагелдин (Семей, ОРМБЖСМ)

2. Рауан Темірғалиев (Жоғары спорт шеберлігі мектебі)

3. Алшын Айтхан (Республикалық олимпиадалық резерв спорт колледжі)

3. Алмас Әбілмәжінов (Семей, ОРМБЖСМ)

 

73 келі

1. Мансұр Әлшеков (Республикалық олимпиадалық резерв спорт колледжі)

2. Еркебұлан Елмұратов (Семей, ОРМБЖСМ)

3. Қуан Барыс (Жоғары спорт шеберлігі мектебі)

3. Кенжебай Шәріпов (Республикалық олимпиадалық резерв спорт колледжі)

 

81 келі

 

1. Барақ Арқабай (Жоғары спорт шеберлігі мектебі)

2. Бахтияр Ағзамов (Өскемен, Дзюдо орталығы)

3. Дәурен Дулатов (Өскемен, Дзюдо орталығы)

3. Ерзат Арғынов (Жоғары спорт шеберлігі мектебі)

 

90 келі

 

1. Тимур Сайлаубеков (Республикалық олимпиадалық резерв спорт колледжі)      

2. Олжас Социалов (Зайсан ауданы)

3. Айдар Хасенов (Жоғары спорт шеберлігі мектебі)

3. Әлихан Байтықов (Өскемен)

 

100 келі

 

1. Аян Рамазанов (Семей, ОРМБЖСМ)

2. Евгений Кияшко (Өскемен)

 

+100 келі

 

1. Дарын Бейісханов (Республикалық олимпиадалық резерв спорт колледжі) 

2. Мәди Сағатбеков (Өскемен)

3. Аян Дюсупов (Өскемен)

 

Қыздар арасында 48 келі салмақ қорытындысы   

 

1.Айсұлу Орынғазықызы (Жоғары спорт шеберлігі мектебі)

 

52 келі

 

1. Жансая Ахметбекова (Жоғары спорт шеберлігі мектебі)

2. Ақтолқын Дорбетхан (Өскемен)

 

63 келі

 

1.Снежана Лисовская (Өскемен)

 

70 келі қорытындысы

 

1. Нұржаз Сәбиолла (Өскемен)

2. Анастасия Котова (Өскемен)

3. Айнұр Айдархан (Өскемен)

 

+78 келі

 

1. Инабат Тоқтаған (Жоғары спорт шеберлігі мектебі)

2. Айдана Каменова (Өскемен)

 

Фото автордікі

 

                                                                                 

Дата и время публикации: 
25.04.19
Новости
Мамырдың 17-18 күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында грек-рим күресінен КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне II ашық облыстық турнир өтті.
20.05.2019
Ольга Сафронова из Павлодара в этом сезоне пока является главной звездой казахстанской лёгкой атлетики. Серию своих успешных выступлений, начавшуюся ещё в в Катаре на Чемпионате Азии она, похоже, и не думает завершать. Буквально вчера она выиграла две медали в далёкой Японии на местном этапе серии Мирового вызова.
20.05.2019
В свой заслуженный выходной юные спортсмены профессионального легкоатлетического клуба "Алтай Атлетикс" провели, прогуливаясь по одному из знаковых мест Алматы.
20.05.2019
Главная героиня сегодняшнего дня Елизавета Матвеева рассказала в экспресс-интервью корреспонденту сайта VKsport.kz о том, как сложился для неё пока самый успешный старт в её карьере.
19.05.2019
Усть-каменогорская легкоатлетка клуба «Алтай Атлетикс» Елизавета Матвеева совсем недавно выиграла Чемпионат Казахстана среди юниоров. Но этого ей оказалось мало!
19.05.2019
Национальный антидопинговый центр Казахстана опубликовал обновленный список спортсменов, которые были дисквалифицированы за наличие в анализах запрещенных веществ.
19.05.2019