Главная

Ерлан Серікжанов Гуанчжоуға барады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Желтоқсанның 15-16 аралығында Қытай жерінде дзюдодан халықаралық «Masters» IJF турниры өтеді. Ұлттық құрама сапында шығысқазақстандық балуан да бар.

Аталмыш додаға екінің бірі қатыса бермейді. Себебі, әлемдік рейтингтегі ұпайың жоғары болуы керек. Нақтырақ айтсақ, өз салмағында үздік 16 спортшының қатарына енген дзюдошылар ғана бақ сынай алады. Ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов баптайтын татами шеберлерінің аяқ алысы ағымдағы жылы көңіл қуантты. Бас бапкер Olympic.kz қойған сауалдарға жауап беру кезінде осы жылы халықаралық турнирге жол тартатын саңлақтар санынын едәуір көбейгенін айтты. Былтыр «Masters» жарысында үш балуан ел намысын қорғаса, осы жылы олардың саны жетеуге жетті. Оның ішінде, шығысқазақстандық Ерлан Серікжановтың көрсеткен нәтижесі жанға ерекше медеу болды. Гран-При мен Әлем кубогіндегі күміс медальдарынан бөлек, Әзірбайжандағы Әлем чемпионатының күмісі, жерлесімізді әркез жүлдеден үміттілердің қатарына қосуға себеп болып отыр.
Бұл бәсеке осы жылғы қорытынды турнир. Маңыздылығы жағынан тек Олимпиада мен Әлем чемпионатына жол береді. Сондай-ақ жеңімпазға 1800, екінші орын иеленгенге 1260, ал қола жүлдегерге 900 ұпай беріледі. Ал бұл ұпайларды жинау – Олимпиада Ойындарына жолдама алуға үлкен септігін тигізеді. Дәл қазір Ерлан әлемдік рейтингте 3200 ұпаймен 10-шы орында.

Фото 365info.kz сайтынан алынды
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
06.12.18
Новости
Сегодня «Алтай Торпедо» провело повторный матч с «Арланом» и буквально вырвало победу в овертайме!
10.12.2018
Самой результативной волейболисткой команды, вошедшей в ТОП-5 клубного Чемпионата мира, стала Наталья Маммадова.
10.12.2018
За всю историю выступлений «Торпедо» в ВХЛ только двое хоккеистов были более безжалостными по отношению к соперникам нашей команды: Евгений Рымарев и Александр Шин.
10.12.2018
Тәуелсіздік күніне орай Жаңа Бұқтырма кентінде бокстан облыстық турнир өткен еді. Сол додада жоғары деңгейлі нәтиже көрсеткен жарыс қожайындары Елордада болатын республикалық сайыста бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
10.12.2018
Жаңа Бұқтырма кентінде бокстан Тәуелсіздік күніне арналған 2003-2004 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
10.12.2018
Сегодня «Торпедо» встретилось на выезде с пермским «Молотом-Прикамье», и, благодаря «спорной» шайбе, выиграло матч со счётом 3:2!
09.12.2018