Главная

Қарсыластар белгілі болды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін Екатеринбургте дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турнирі басталады. Спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары да анықталды.

Осы жолы ерлер командасы сапында екі бірдей жерлесіміз жүлделі орыннан көрінуге талпынбақ. Бірі 73 келі салмақтағы Мадияр Сембаев, бірі 100 келіден жоғары салмақтағы Ерасыл Қажыбаев. Мадияр 2017 жылы Гонконгте өткен жастар арасындағы Азия Кубогінің жеңімпазы. Енді ересектер арасындағы алғашқы ірі сайыстарының біріне қатысқалы отыр. Талантты жерлесіміз бірінші айналымда Молдова елінің өкілі Лан Носумен жолығады. Молдовалық балуанның әлемдік рейтингідегі орны ауыз толтырып айтарлықтай емес. Ал семейлік Ерасыл Қажыбаевтың жолы алғашқы айналымда қырғыз дзюдошысы Бекболот Токтогоновпен түйіседі. Әлемдік орында 50-ші орында тұр. Соңғы рет 2018 жылы тамыз айында өткен Азия ойындарында жетінші орыннан көрінген спортшы.

 

Фото www.ijf.org  сайтынан алынды

Материал kaz_judoteam дерегімен әзірленді

Дата и время публикации: 
15.03.19
Новости
«Торпедо» прокомментировало ситуацию с приездом в город Леонида Метальникова вместе с Кубком Петрова.
23.05.2019
Мұндай шешім кеше Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында шығарылды.
23.05.2019
Говорите, спорт вне политики? Как бы не так!
23.05.2019
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Италияда өткен жастар арасындағы «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде жүлдені молынан алды. Оның ішінде шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетті.
23.05.2019
Леонид Метальников привёз Кубок Владимира Петрова в свой родной город, чтобы показать его всем болельщикам.
23.05.2019
Экс-главный тренер женской усть-каменогорской волейбольной команды «Алтай» теперь станет самой большой для неё угрозой.
22.05.2019