Главная

Қайрат Сафин: «Аймақта бокс қарқынды дамып келеді»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін Өскеменде бокстан 2001-2002 ж.т. жастар және 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат бастау алды.

Шаһардағы «Жекпе-жек» сарайында өскемендік спортшылардан бөлек, аймақтың әр ауданынан және Семей, Риддер қалаларының маңдай алды спортшылары бас қосқан екен. Қатысушылардың ұзын саны 200-ге жуық. Облыс орталығында кезекті рет түндігін түрген сайыстың ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысып, жылы лебізін білдірді.

 – Шаршы алаң додасында бабы келісіп, дайындығы жоғары болған спортшы ғана нәтиже көрсете алатыны белгілі. Сіздер қаншама уақыт тер төгіп, бапкер сенімін ақтауға тырысасыздар. Сондықтан бар күш-жігерлеріңізді салып, тартысты жекпе-жек көрсетерсіздер деген сенімдемін, – деді басқарма басшысы.

Осыдан барып шаршы алаң бәсекесі жалғасын тапты. Айта кете

йік, бұған дейін жас ерекшеліктері бойынша біріншілік әртүрлі уақыттарда өткізіліп келген. Ал биыл екі жас ерекшелігінде бір мезетте өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер барлығы 24 салмақта анықталатын болды.

Алғашқы іріктеу бәсекелері болғандықтан кімнің қандай әзірлікпен келгенін дөп басып айту қиын. Десе де, өскемендік өрендердің тәжірибесін, тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін аңғару қиынға соқпады. Мұны өз сөзінде осы чемпионаттың, әрі Халықаралық дәрежедегі AIBA төрешісі Қайрат Сафин айтып өтті.

 – Өңірде бокстың дамуы жақсы қарқын алып келеді. Әр салмақта бәсекелестік те арта түсті. Өскемендік, оның ішінде «Спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатының», Семей қалысынан және Жарма ауданынан келген спортшылардың аяқ алысы көңіл қуантады, – деді ол.

Сондай-ақ жарыстың бас төрешісінің айтуынша, үлкен жасөспірімдер қарашаның ортасында Павлодар облысында өтетін аймақтық біріншілікке қатысуға жолдама алады. Ал 2001-2002 ж.т. жастар қаңтар айында өтетін ел чемпионатына жол тартады.

Былғары қолғап додасы әлі төрт күнге жалғасады. Қазанның 26 күні финалдық жекпе-жектер өтпек.

 

Фото Камила Ботагамитова

Әділхан Есімханов

 

Дата и время публикации: 
23.10.18
Новости
Сегодня «Сарыарка» в домашних стенах нанесла третье поражение «Рубину» в финальной серии плей-офф. Осталась всего одна победа до титула.
21.04.2019
Первые победы на Чемпионате Азии по лёгкой атлетике одержала сборная Казахстана. Увы, но и без потерь, конечно, не обошлось.
21.04.2019
В столице Катара сегодня возьмёт старт Чемпионат Азии по лёгкой атлетике. За какими соревнованиями казахстанцам стоит следить особенно пристально?
21.04.2019
Өскеменде есту қабілеті төмен және тірек-қимыл жүйесі зақымдалған жандар арасында үстел теннисінен облыс чемпионаты өтті. Мұнда финалдық ойындар айтарлықтай тартысты толы болды.
20.04.2019
Шығысқазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов бүгін Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан құрлықтық чемпионатта ел қоржынына алғашқы алтынды салды.
20.04.2019
Уже завтра в столице Катара Дохе стартует один из самых главных стартов сезона отечественной лёгкой атлетики – Чемпионат Азии. Чего ждать нам от наших спортсменов на этом старте? Ответить на этот вопрос постарался корреспондент VKsport.kz.
20.04.2019