Главная

«Классиктер» жарады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Наурыздың 9-11 аралығында Шымкентте грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Шығысқазақстандық балуандар елішілік додаларда қашан да жүлде алуға қауқарлы екендіктерін кезекті рет дәлелдеді. Оның ішінде, ересектер арасында көпшілігіне айтарлықтай қиындық келтіретін Ернар Фидахметов те болды. Үздіктер барлығы 10 салмақта анықталды. Ернар 63 келіде боз кілемге беттеді. Айтқандай-ақ, Ернар финалға аптықпай шықты. Алайда алтын медаль үшін біраз тер төкті. Жамбыл облысының балуаны Әсет Серікұлы да жоғары дайындықпен келіпті. Тартысқа толы белдесуде шығысқазақстандық спортшы 3:2 есебімен қарсыласынан басым түсті. Дәл осы салмақта белдескен тағы бір жерлесіміз Әлихан Серікжанов қола үшін болған белдесуде Алматы облысының балуанына есе жіберді. Финалда ғана Алматы облысының өкіліне жол берген Мадияр Мәлтекбаев та тәуір өнер көрсетті. Бұдан бөлек, 97 келіде Салават Ахметқали күміс, 130 келіде Жақсылық Серікбосынов және 60 келіде Еркебұлан Ардақовтар қола жүлдеге ие болды.

 

 Материал KazWrestlingOnline дерегімен әзірленді

Фото WrestlingUa.com сайтынан алынды

Дата и время публикации: 
13.03.19
Новости
«Торпедо» прокомментировало ситуацию с приездом в город Леонида Метальникова вместе с Кубком Петрова.
23.05.2019
Мұндай шешім кеше Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында шығарылды.
23.05.2019
Говорите, спорт вне политики? Как бы не так!
23.05.2019
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Италияда өткен жастар арасындағы «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде жүлдені молынан алды. Оның ішінде шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетті.
23.05.2019
Леонид Метальников привёз Кубок Владимира Петрова в свой родной город, чтобы показать его всем болельщикам.
23.05.2019
Экс-главный тренер женской усть-каменогорской волейбольной команды «Алтай» теперь станет самой большой для неё угрозой.
22.05.2019