Главная

Конфедерация кубогі Өскеменде

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Кеше Өскеменде Конфедерация кубогінде топ жарған спортшылардың бапкерлерін қарсы алған еді. Онымен қоса, жаттықтырушылар Кубокті де ала келді.

Естеріңізде болса, еркін күрестен облыс құрамасы Алматыдағы додадада алтын медальға қол жеткізген болатын. Олар жартылай финалда Алматы қаласының балуандарын 4:2 есебімен қапыда қалдырса, ақтық сында астаналық қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Бұл жерде де есеп 4:2 болған еді. Соңғы болып боз кілемде ауыр салмақтағы Олег Болтин Жасұлан Ерменбетпен белдесті. Екі кезең бойында Олег елордалық балуанды тықсыртып, ұпай алумен болды. Болтан физикалық тұрғыда да мығым ғой. Айқын басымдық танытып, нәтижесінде, шығысқазақстандықтарға алтын жүлдені қамтамасыз етті. Бас бапкер Асқар Мұқашев бастап барған еркін күрес шеберлері жоғары дайындықпен барған болатын.
– Жеңіс үшін ешбірі де аянып қалмады. Қай команда болмасын, оңайға соқпады. Енді Жаңа жылға дейін жарыстар жоқ. Қазір олар Алматыда қалып, сол жерде оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда, – деді бас бапкер.
Облыс құрамасының мұндай жоғары нәтиже көрсетуіне үлкен жұмыс атқарған мына бапкерлерді айта кетпеске болмас: Ержан Құсайынов, Геннадий Лалиев, Арсен Тен, Мейірбек Байжанов және Пернебек Беласар.

Фото Kazakhstan_wrestling сайтынан алынды
Әділхан Есімханов

Новости
Шығысқазақстандық Ернар Фидахметов Моңғолияда өтіп жатқан күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында жарыспен қош айтысты.
22.03.2019
В Усть-Каменогорске провели первые соревнования «Kids Athletics» с элементами лёгкой атлетики среди команд, собранных из детей местных детских домов. Инициативу поддержали в местной администрации и бизнесс-структуры областного центра.
22.03.2019
Белорусь елінде еркін күрес шеберлерінің қатысуымен өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Олимпиада ойындарында үш мәрте топ жарған даңқты балуан Александр Медведь ат ізін салды.
21.03.2019
Қарағанды қаласында киокушинкай-кан каратэден өткен V жазғы республикалық спартакиадада шығысқазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетті.
21.03.2019
Қол күрес әлемінде өзіндік қолтаңбаға ие жерлесіміз Еркін Әлімжанов жақында Талдықорғанда өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына арнайы қонақ ретінде барады.
20.03.2019
17 марта в Усть-Каменогорске стояла снежная погода. И это было только на руку спортсменам. Но не лыжникам и сноубордистам, а… волейболистам. Участники команд турнира «БИЗНЕС ЛИГА» приехали в санаторий «Изумрудный», чтобы показать свое мастерство и профессионализм в таком необычном и экзотичном виде спорта как волейбол на снегу, и встретились на площадке в первом подобном турнире в Восточно-Казахстанской области «Весенний микс».
20.03.2019