Главная

Қоржында әзірге алты жүлде

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Астанада киокушинкай-кан каратэден халықаралық «Kazakhstan Open» турнирі өтуде. Бұл сайыста шығысқазақстандық спортшылар ойдағыдай өнер көрсетуде, деп хабарлайды VKsport.kz тілшісі.

Сайысқа балалар, жасөспірімдер, қыздар, жастар, сондай-ақ ерлер мен әйелдер қатысуда. Қазақстандық каратэшілерден бөлек, Ресей, Қырғызстан, Белорусия, Моңғолия, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және ҚХР сынды елдерден келген екен. Олар жүлделі орындарды кумитэ және ката тәртібі бойынша, салмақ дәрежелеріне қарай сарапқа салуда. Аталмыш додаға облыс атынан да таңдаулы спортшылар аттанған еді. Ұзын саны 27. Жарыстың алғашқы күні қоржынға алты медаль түсті. Атап айтсақ, Әлижан Даутов (10-11 жас, +55 келіде), Альтаир Әсетұлы (8-9 жас, 30 келіде) топ жарды.

Күміс жүлде Мағжан Берікқазынов (10-11 жас, 40 келі), Артем Пчельников (8-9 жас, 30 келі) және Александра Лисицинаға (12-13 жас, 40 келі) бұйырды. Бекарыс Сержанов болса, 8-9 жас бойынша, 35 келі салмақта қолаға қанағат етті.

 

Бүгін тағы екі спортшы жүлде үшін талас жүргізеді. Бірі ақтық сында, ал тағы біреуі қола жүлде үшін өз мүмкіндігін байқайды. Ертең аталмыш турнирдің соңғы күні.

 

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

Әділхан Есімханов

Новости
В Усть-Каменогорске провели первые соревнования «Kids Athletics» с элементами лёгкой атлетики среди команд, собранных из детей местных детских домов. Инициативу поддержали в местной администрации и бизнесс-структуры областного центра.
22.03.2019
Белорусь елінде еркін күрес шеберлерінің қатысуымен өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Олимпиада ойындарында үш мәрте топ жарған даңқты балуан Александр Медведь ат ізін салды.
21.03.2019
Қарағанды қаласында киокушинкай-кан каратэден өткен V жазғы республикалық спартакиадада шығысқазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетті.
21.03.2019
Қол күрес әлемінде өзіндік қолтаңбаға ие жерлесіміз Еркін Әлімжанов жақында Талдықорғанда өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына арнайы қонақ ретінде барады.
20.03.2019
17 марта в Усть-Каменогорске стояла снежная погода. И это было только на руку спортсменам. Но не лыжникам и сноубордистам, а… волейболистам. Участники команд турнира «БИЗНЕС ЛИГА» приехали в санаторий «Изумрудный», чтобы показать свое мастерство и профессионализм в таком необычном и экзотичном виде спорта как волейбол на снегу, и встретились на площадке в первом подобном турнире в Восточно-Казахстанской области «Весенний микс».
20.03.2019
Семейлік Ернар Фидахметов ертең Моңғолияның астанасы Улан-Баторда жалауын көтеретін күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында өнер көрсетеді.
20.03.2019