Главная

Құрама үздіктері Махачкалада

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қазақстандық еркін күрес шеберлері қазір Ресей жерінде оқу-жаттығу жиынында жүр. Олардың қатарында шығысқазақстандық Данияр Қайсанов та бар.

Ұлттық құрама сапында жүрген бірнеше балуан Ресейдің Махачкала шаһарында әзірліктерін пысықтауда. Kazakhstan_wrestling сайтының хабарлауынша, Махачкалада үш спортшымыз жаттығу жасап жүрген көрінеді. Олар: Ілияс Жұмай, Ғабит Төлепбай және шығысқазақстандық Данияр Қайсанов. Айта кетейік, балуандар дағыстандық еркін күрес шеберлерімен бірлесе дайындық жүргізуде. Негізгі мақсат – алдағы ел чемпионатына ойдағыдай дайындықпен келу. Естеріңізге сала кетейік, грек-рим, әйелдер және еркін күрестен ел біріншілігі ақпанның 7-10 аралығында Шымкентте өтеді.
Айта кетер жайт, 74 келі салмақта өнер көрсететін Қайсанов командаластарымен бірлесе, өткен жылдың желтоқсан айында Алматыда өткен Конфедерация кубогінде бірінші орын иеленген болатын.

Фото sportx.kz сайтынан алынды
Әділхан Есімханов

Новости
Шығысқазақстандық Ернар Фидахметов Моңғолияда өтіп жатқан күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында жарыспен қош айтысты.
22.03.2019
В Усть-Каменогорске провели первые соревнования «Kids Athletics» с элементами лёгкой атлетики среди команд, собранных из детей местных детских домов. Инициативу поддержали в местной администрации и бизнесс-структуры областного центра.
22.03.2019
Белорусь елінде еркін күрес шеберлерінің қатысуымен өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Олимпиада ойындарында үш мәрте топ жарған даңқты балуан Александр Медведь ат ізін салды.
21.03.2019
Қарағанды қаласында киокушинкай-кан каратэден өткен V жазғы республикалық спартакиадада шығысқазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетті.
21.03.2019
Қол күрес әлемінде өзіндік қолтаңбаға ие жерлесіміз Еркін Әлімжанов жақында Талдықорғанда өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына арнайы қонақ ретінде барады.
20.03.2019
17 марта в Усть-Каменогорске стояла снежная погода. И это было только на руку спортсменам. Но не лыжникам и сноубордистам, а… волейболистам. Участники команд турнира «БИЗНЕС ЛИГА» приехали в санаторий «Изумрудный», чтобы показать свое мастерство и профессионализм в таком необычном и экзотичном виде спорта как волейбол на снегу, и встретились на площадке в первом подобном турнире в Восточно-Казахстанской области «Весенний микс».
20.03.2019