Главная

Әлемдік рейтингте өрлей түсті

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жуырда Марокконың Марракеш қаласында мәресіне жеткен дзюдодан Гран-При турнирінен кейін жерлестеріміз әлемдік рейтингтегі жағдайларын жақсарта түсті.

Барған 19 спортшының барлығы бірдей сәтті өнер көрсетті дей алмаймыз. Бірі ақтық сында, ал бірі алғашқы айналымдардан-ақ сайыспен қоштасып жатты. Алайда Ұлттық құрама сапындағы екі бірдей шығысқазақстандық дзюдошы рейтингілік ұпайлар жинаған-ды. 2018 жылы Бакуде өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов (66 келі)  қола медаль үшін 300 ұпайға, ал семейлік Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) екінші орыннан көрініп, 490 ұпайға иелік етті. Нәтижесінде, Серікжанов оңтүстіккореялық әлем чемпионы Ан Баулдың алдына түсіп, сегізінші орынға тұрақтады. Ерасыл болса, 51-ші орыннан бірден 27-ші орынға көтерілді. Айта кетерлік жайт, әлемдік рейтингте Қажыбаевтан кейін екі дүркін Олимпиада чемпионы, француз алыбы Тедди Ринер тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Мароккодағы аламанда ел қоржынына түскен екі медаль да шығысқазақстандық дзюдошылардың еншісінде.

 

Фото fdk.kzсайтынаналынды

Дата и время публикации: 
12.03.19
Новости
«Торпедо» прокомментировало ситуацию с приездом в город Леонида Метальникова вместе с Кубком Петрова.
23.05.2019
Мұндай шешім кеше Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында шығарылды.
23.05.2019
Говорите, спорт вне политики? Как бы не так!
23.05.2019
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Италияда өткен жастар арасындағы «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде жүлдені молынан алды. Оның ішінде шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетті.
23.05.2019
Леонид Метальников привёз Кубок Владимира Петрова в свой родной город, чтобы показать его всем болельщикам.
23.05.2019
Экс-главный тренер женской усть-каменогорской волейбольной команды «Алтай» теперь станет самой большой для неё угрозой.
22.05.2019