Главная

Расул Қалиев Халықаралық жарыстың жеңімпазы

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Таразда қарашаның 23-25 аралығында өткен еркін күрестен Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнирінде шығысқазақстандық еркін күрес шебері топ жарды.

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан боз кілем бәсекесінде қазақстандық спортшылардан бөлек, Украина, Белорусия, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Грузия,  Тәжікстан, Әзірбайжан сынды елдердің балуандары бақ сынады. Осыдан үш күн бұрын жалауын көтерген сайыста жүлделі орындар барлығы 10 салмақта сарапқа салынды. Бұл сында 61 келі салмақта жарыс жолына шыққан шығысқазақстандық Расул Қалиев қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль иеленді. Ержан Құсайыновтан тәлім алған тәжірибелі балуан барлық кездесуінде қарсыластарынан бір бас жоғары тұрды. Жартылай финалда Өзбекстаннан келген Икромжон Хаджимурадовты 11:0 есебімен тас-талқан  етіп ұтса, қатарлас болған белдесуде Ресейдің Саха аймағының балуаны Нургун Александров тағы бір сахалық спортшыдан 3:1 есебімен басым түсті. Сөйтіп, Расулдың жолы финалда Александровпен түйісті. Өзінің нағыз бабында тұрған шағында Жарма ауданының тумасы сахалық қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жолынан ығыстырды. Шығысқазақстандық спортшы осылайша, араға біраз уақыт салып, тұғырдың биігіне қайта көтерілді.

 Айта кетейік, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тағайындаған қомақты қаржылай сыйлықтарға ие болды.

 

Фото Prosports.kz сайтынан алынды

 

Әділхан Есімханов

 

Дата и время публикации: 
26.11.18
Новости
Шығысқазақстандық балуандар Италияда өткен «Matteo Pelliconе Memorial» рейтингілік турнирінде түрлі медальдар жиынтығын иеленіп, ел құрамасының сәтті өнер көрсетуіне сүбелі үлес қосты.
26.05.2019
В Алматы завершилась V Летняя Спартакиада по лёгкой атлетике. Триумфаторами стали хозяева соревнований сборная Алматы. А вот за второе место в медальном зачёте нешуточная борьба развернулась именно в заключительный соревновательный день.
26.05.2019
Павлодарская суперзвезда Ольга Сафронова продолжает одерживать победы, Михаил Литвин продолжает эксперименты, а "Алтай Атлетикс" продолжает "штамповать" медали. Все главные события минувшего соревновательного дня V Спартакиады РК.
25.05.2019
Точку в пребывании в Усть-Каменогорске Кубка Петрова и его обладателя, воспитанника усть-каменогорского хоккея Леонида Метальникова поставила пресс-конференция, организованная энтузиастами хоккея.
25.05.2019
В волейбольной «Бизнес-лиге» Восточно-Казахстанской области начинается самая горячая пора – время определять тех, кто станет новым чемпионом, а чьим мечтам о титуле придётся сложить голову.
25.05.2019
В ходе вечерней программы V Спартакиады РК был показан только один результат на уровне МСМК. Впрочем, как и в утренней.
24.05.2019