Главная

Саят Мұратбеков ширек финалға өте алмады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Ақтауда өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы ел Чемпионатының қызған шағы. Алайда шығысқазақстандық спортшылар сайыспен біртіндеп қош айтысуда.

Кеше шаршы алаңға 64 келі салмақтағы боксшылар шықты. Аймақ намысын бұл дәрежеде Саят Мұратбеков арқалап барды. Алғашқы айналымда Саят батысқазақстандық Әли Ақеділовты жолынан ығыстырған болатын. 1/8 финалда оған Ақмола облысының өкілі Сабыржан Бақбергенов қарсы тұрды. Жекпе-жек тең дәрежеде өрбіді. Екеуі де алма-кезек соққыларын дарытты. Шығысқазақстандық боксшы бірнеше рет ауыр соққысын жұмсаса да, ақмолалық спортшы сыр бермеді. Оның бойшаң болуы да Саятқа өзіндік кедергісін келтірді. Үшінші раундта жерлесіміз тізгінді қолына ала бастағандай болды. Бірақ, қарсылас та қарсы шабуылда қарап қалмады. Нәтижесінде, төрешілер шешімімен жеңіс Бақбергеновке жазылды. Осылайша, аймақ құрамасы сапындағы тәжірибелі спортшымыздың бірі сайыстан шығып қалды. 

Ал бүгін 81 келі салмақта Тимур Ержанов жарыс жолына шығады. Ол 1/8 финалда астаналық Вадим Казаковпен өзара кім мықтыны анықтайды.

 

Фото kfb.kz сайтынан алынды

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
16.11.18
Новости
Сегодня «Алтай Торпедо» провело повторный матч с «Арланом» и буквально вырвало победу в овертайме!
10.12.2018
Самой результативной волейболисткой команды, вошедшей в ТОП-5 клубного Чемпионата мира, стала Наталья Маммадова.
10.12.2018
За всю историю выступлений «Торпедо» в ВХЛ только двое хоккеистов были более безжалостными по отношению к соперникам нашей команды: Евгений Рымарев и Александр Шин.
10.12.2018
Тәуелсіздік күніне орай Жаңа Бұқтырма кентінде бокстан облыстық турнир өткен еді. Сол додада жоғары деңгейлі нәтиже көрсеткен жарыс қожайындары Елордада болатын республикалық сайыста бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
10.12.2018
Жаңа Бұқтырма кентінде бокстан Тәуелсіздік күніне арналған 2003-2004 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
10.12.2018
Сегодня «Торпедо» встретилось на выезде с пермским «Молотом-Прикамье», и, благодаря «спорной» шайбе, выиграло матч со счётом 3:2!
09.12.2018