Главная

Шығысқазақстандықтар «Үлкен Дулығада» бақ сынайды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Ертең Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан кезекті «Үлкен Дулыға» турнирі басталады. Мұнда Ұлттық құрама сапында төрт бірдей шығысқазақстандық спортшы өнер көрсетеді.

Осы жылдың үшінші «Grand Slam» турнирінде 20 отандасымыз ел намысын қорғайды. Оның ішінде, төртеуі шығысқазақстандық дзюдошылар. Бапкерлік құрам Екатеринбургтегі аламанға 66 келідегі жерлесіміз Ерлан Серікжановты қатыстырмауды жөн көрген екен. Әрине, Әлемнің вице-чемпионы кезекті ірі додаларға дайындалып жатқаны сөзсіз. Біртіндеп бабына еніп келеді. Мароккодағы Гран-Приде қола медаль иеленуі соның бір дәлелі. Есесіне, Ерланның салмағында бұл жолы тәжірибелі Елдос Жұмақанов пен Есет Қуанов татамиге беттейді. Мадияр Сембаев 73 келіде белдессе, 100 келіден жоғары дәрежеде семейлік Ерасыл Қажыбаев медаль үшін талас жүргізіп көрмек. Сондай-ақ, 70 келі салмақта Зере Бектасқызы мен 78 келіден жоғары дәрежеде зайсандық Гүлжан Исанова өз  мүмкіндіктерін байқайды.

Айта кетейік, аталмыш дода наурыздың 15-17 күндері өтеді.

 

Фото www.ijf.org сайтынан алынды

Материал кaz_judoteam дерегімен әзірленді

Новости
На Чемпионате Азии в японском городе Номи казахстанские мастера спортивной ходьбы сотворили историю.
18.03.2019
Кеше Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турниры өз мәресіне жетті. Өкінішке орай, отандастарымыздың бірде-бірі жүлдеге іліне алмады.
18.03.2019
Еркін күрестен ерлер Ұлттық құрамасы қазір Белорусь елінің астанасы Минскіде қызу дайындық жүргізуде.
18.03.2019
Воспитанник усть-каменогорского хоккея помог карагандинской «Сарыарке» сравнять счёт в серии четвертьфинала Кубка Владимира Петрова в противостоянии с «Нефтяником».
18.03.2019
Как и предсказывал наш портал, на Чемпионате Азии по лёгкой атлетике юношеская сборная Казахстана завоевала семь медалей. Заключительный соревновательный день подарил нашей стране сразу три награды!
17.03.2019
Похоже, акиму региона Даниалу Ахметову вновь придется лично вмешиваться в проблемы спортивных функционеров. На этот раз открытое письмо на его имя написали родители воспитанников Академии футбола «Алтай», обеспокоенные отсутствием финансирования спортивного заведения и слухами о его реорганизации.
17.03.2019