Главная

Тұрлыханов турнирінің маңызы артып келеді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін Жарма ауданында грек-рим күресінен даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне ұйымдастырылған ашық облыстық турнирдің алғашқы күні өтті.

Күрес сүйер қауым Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегерін, КСРО-ның жеті дүркін чемпионын асыға күтті. Сайыстың салтанатты ашылуына арнайы шақырылған саңлақ діттеген жерге межелі уақытта келді. Спортта аймақ намысын абыроймен қорғаған жандардан бөлек, киелі Қалбатау топырағынан шығып, ел құрметіне бөленген азаматтар тегіс жиналды. Қуанышта қауышып, Дәулеттей дара балуанға құрметтерін білдірді. Жарыстың ашылуы кезінде Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин сөз алып, осымен екінші рет ұйымдастырылған доданы үлкен спорт мерекесі деп атауға болатынын айтты. Одан бөлек, Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде осындай бәсекелердің жиі өткізілуінің өзіндік маңызға ие екендігін де тілге тиек етті. Өз кезегінде Дәулет Болатұлы осы іспетті турнирлердің жас буынға берері мол екендігін жеткізіп, спортшылар деңгейінің өсе түскенін ерекше атап өтті.

 – Мықты спортшы даярлауда оған деген қолдаудың маңызы зор. Осы орайда, аудан әкімішілігіне, облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына, сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдіремін. Осынау доданың маңызы жыл санап артып келе жатқанын баршамыз байқап келеміз. Бұдан кейін аймағымыздан шығып келе жатқан жас балуандардың есімдерін естиміз, – деді еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиада ойындарының жүлдегері.

Сөйтіп, кезек үш салмақтағы жұбаныш белдесулері мен ақтық сынға келді. О баста жоспарланған бес салмақтың белгілі бір себептермен тек үшеуінің қорытындысы анықталды. Айта кетейік, жұбаныш және қола медаль үшін болған белдесулердің барлығы дерлік бір минутқа жетпей аяқталды. Финалда да осы үрдіс жалғаса ма деген еді көрермендер, олай болмады. 58 келіде Нұрлан Тайшыбаев пен Марғұлан Долдаханов жолыққан еді. Екеуі де Жарма ауданынан. Алғашқы кезеңде Нұрлан ұпай санымен алда болды. Белдесуді ерте аяқтауға талпынып көріп еді, қарсыласы оңай шағылар жаңғақ емес екен. Әйтеуір екінші кезең бел ортасынан асқан тұста алма-кезек ұпайлар алып, 10:2 есебімен басым түсті. Осылайша 58 келінің алтыны мен күмісі кілем қожайындарында қалды. Бұдан бөлек, осы салмақта тағы бір жармалық балуан Нұржас Нұржақай қола медаль иеленді. Ертең сегіз салмақта оза шапқандар есімі белгілі болады.

 

Назарларыңызға алғашқы күннің қорытындысын ұсынамыз:

 

44 келі

 

1.Диас Сейітқалиев (Семей)

2.Рафхат Құсайынов (Алматы облысы)

3.Айбын Өкенов (Аягөз ауданы)

3.Алмас Тұрұпжанов (Үржар ауданы)

 

52 келі                                    

 

1.Ердос Нұрдыбек (Жарма ауданы)

2.Руслан Нұрлан (Жарма ауданы)

3.Әлижан Төлешов (Аягөз ауданы)

3.Дарын Тұрғанбаев (Үржар ауданы)

 

58 келі

 

1.Нұрлан Тайшыбаев (Жарма ауданы)

2.Марғұлан Долдаханов (Жарма ауданы)

3.Нұржас Нұржақай (Жарма ауданы)

3.Нұрболат Жұмәділ (Үржар ауданы)

 

Дата и время публикации: 
17.05.19
Новости
Владислав Григорьев необычайно рано для человека, перенёсшего разрыв ахиллова сухожилия, вновь приступил к лёгким тренировкам, что стало едва ли не самой приятной новостью июня. В разговоре с корреспондентом VKsport.kz рекордсмен Казахстана в беге на 200 м среди юниоров рассказал о том, что ему пришлось пережить.
20.06.2019
22-23 июня на берегу Бухтарминского хранилища состоится турнир по пляжному волейболу в формате микст «Кубок 1С-Рейтинг». В преддверии этого события состоялась пресс-конференция, в ходе которой организаторы приоткрыли некоторые секреты, оставив, правда, и кое-какие «козыри» в рукаве. О них участники и болельщики узнают непосредственно на соревнованиях.
19.06.2019
Суперзвезда мировой лёгкой атлетики Дарья Клишина из России выступит в Казахстане на XXIX международном турнире, посвящённом памяти "серебряного" призёра Олимпийских Игр в Риме-1960 Гусмана Косанова.
19.06.2019
В Токио завершился Чемпионат Азии по фехтованию на шпагах. В составе сборной Казахстана сразу двое наших земляков стали обладателями наград в командном турнире.
19.06.2019
В итальянском городке Вальстанья 16 июня состоялись соревнования в рамках Открытого Кубка Европы по гребному слалому среди юниоров. В одной из попыток усть-каменогорской спортсменке Дарье Масловой удалось даже войти в тройку лидеров.
18.06.2019
Руководитель Федерации лёгкой атлетики РК остался акимом Восточно-Казахстанской области.
17.06.2019