Главная

«Үлкен Дулығаны» үш жүлдемен аяқтады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Кеше Франция жерінде дзюдодан беделді сайыстардың бірі саналатын «Үлкен Дулыға» додасы өтті. Ел құрамасы бұл жолы айтарлықтай тәуір өнер көрсетті.

Әлемдік бәсеке бас-аяғы екі күнде әр салмақтың үздіктері мен жүлдегерлерін анықтап үлгерді. Жас спортшылардан жасақталған құраммен Парижге 15 дзюдошы жол тартқан еді. Оның ішінде, үшеуі шығысқазақстандық татами шеберлері. 100 келіден ауыр салмақта Әділ Оразбаев алғаш рет ауқымды додаға қатысты. Алайда күресі ойдағыдай болмады. Ширек финалға жетпеді. Ол ғана емес. Ұлттық құраманың үкілеген үміті болған Ерлан Серікжанов (66 келі) пен Ерасыл Қажыбаев та (+100) жүлдеге іліге алмады. Әлемнің вице-чемпионы болған Серікжанов бұл жолы ширек финалға да жете алмады. Мұндай көрсеткіштер спортшылардың әлемдік рейтингтегі орындарына да ықпал етері сөзсіз. Десе де Олимпиада ойындары алдында әлі көптеген Гран-При, «Үлкен Дулыға» кезеңдері бар. Бас бапкер Айдын Смағұлов кеткен қателіктермен жұмыс жасайтындықтары белгілі. Жүлдегерлерге келер болсақ, 48 келіге дейінгі салмақта Отгонцэцег Галбадрах қола медальға қол созды. Іріктеу сындарынан іркілмей өткенімен, ширек финалға келіп сүрінді. Сөйтіп ол жұбаныш белдесуінде Оңтүстік Корея елінің өкілін ұтса, үшінші орын болған белдесуде моңғол спортшысы Ганбатаар Наранцэцегті сан соқтырып кетті. Оның ізін ала, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов күміс медаль иеленді. Әрине, оның жүріп өткен жолы да оңай болмады. Жартылай финалдағы моңғол дзюдошысы Амартувшин Дашдаава ерекше тегеурін тантытты. Бірақ тәжірибелі қазақстандық дзюдошы белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Ал ақтық сында әлемдік рейтингте көш бастап тұрғандардың бірі Наохиса Такатамен жолықты. Жапон дзюдошысы Елдостың шалыс басқанын қадағалап тұрып, сәтті әдіс жасап кетті. Мұнысы юко тәсіліне бағаланды. Десе де Сметов рейтингтік ұпайлар жинай түсті. Одан бөлек, тағы бір күміс 90 келіге дейінгі дәрежедегі Ислам Бозбаевқа бұйырды. Финалға дейін барлық қарсыласын айқын ұтып еді, тек алтын үшін болған белдесуде қарсыласына жол берді. Исламға кім қарсы тұрды десеңіздер, ол Әлем чемпионы Дон Хван Гак. Бұл ретте оңтүстіккореялық спортшы таза жеңіске жетті.

Осылайша, ел құрамасы жаңа маусымды аталған жетістіктермен бастады. Екі күміс, бір қола. Оның ішінде, 81 келідегі Руслан Мұсаев қола үшін болған белдесуде аз ғана басымдықпен ресейлік дзюдошыға жол бергенін ескерсек, жүлделер легінің молаяры сөзсіз. Кезекті «Grand Slam» бәсекесінде бақ  сынау үшін  татами шеберлері енді Германияда бас қосады.

 

Фото www. ijf.org сайтынан алынды

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
11.02.19
Новости
Жуырда Өскеменде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар және қыздар арасында облыс чемпионаты өткен еді.
20.02.2019
Шығысқазақстандық бұрымдылар қарашаның 11-17 аралығында Арыс қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында үздік нәтиже көрсетті.
20.02.2019
Главный тренер ВК "Алтай" Юрий Панченко получил новое назначение.
20.02.2019
Со 2 по 12 марта в Красноярске пройдёт 29-ая зимняя Универсиада. Из Усть-Каменогорска в состав сборной Казахстана по хоккею отправятся два хоккеиста.
20.02.2019
Со 2 по 6 февраля команда «Торпедо-2002» провела выездную серию в Северске и Новосибирске. Нашим ребятам удалось одержать победу в половине матчей.
20.02.2019
Сегодня в повторном матче наша команда МХЛ вновь обыграла гостей из Новокузнецка, правда, на этот раз с преимуществом лишь в одну шайбу.
19.02.2019