Главная

Үш бірдей боксшымыз Буэнос-Айресте алтынға таласатын болды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Аргентина астанасында өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында бірқатар спорт түрлерінен сайыстар аяқталып қойды. Десе де аламанның бел ортасында жарыс жолына шыққан боксшылар бәсекесі қыза түсті.

Мұның алдында қазақстандық төрт былғары қолғап шебері жартылай финалға өткен еді. Өкінішке орай, 2017 жылғы Азия Чемпионы Надежда Рябец 75 келіге дейінгі салмақта ресейлік Анастасия Шамоновадан айласын асыра алмады. Есесіне бұрымды боксшымыз қола медаль үшін жекпе-жекте алжирлік Ичрак Чайбпен жұдырық түйістіреді. Ал жігіттеріміз жарап тұр. Талғат Шәйкен (64 келі салмақ) жартылай финалда Марокко елінің өкілі Мохаммед Булауджамен кезікті. Үшінші раундта екінші рет ауыр нокдаун беріп, кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылды. Енді Талғат ақтық сында ресейлік Илья Поповпен өзара мықтыны анықтайды. Ауыр салмақтағы Айбек Оралбай (91 келі) бұрын жұдырықтасып көрмеген Пуэрто-Риколық Элвин Каналесті төрешілердің бірауыздан шешімімен ұтты. Ақтық сында отандасымызды алжирлік Мохаммед Амине Хасид күтіп тұр. Сондай-ақ аса ауыр салмақтағы Дамир Тойбай (+91 келі) жартылай финалда Канада елінің үздігі Тетлуа Чуолдан сенімді түрде айласын асырып, финалға жолдама алды. Дамир да алтын медаль үшін айқаста ресейлік Алексей Дроновқа қарсы тұрмақ. Ағымдағы жылы Будапештте өткен жастар арасындағы Әлем Чемпионатында Дамир бұл қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген еді. Бұл жолы отандасымызға есе қайтарудың сәті түсе ма екен, алдағы уақытта білетін боламыз.

Айта кетейік, Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары ертең өз мәресіне жетеді.

 

Материал еліміздің бокс федерациясы дерегімен әзірленді

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
17.10.18
Новости
Біріккен күрес Әмірінің мүшесі, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Дәулет Тұрлыханов VKsport.kz сайтының тілшісіне өңірдегі грек-рим күресінің аяқ алысы жайлы ойын ортаға салған еді.
20.05.2019
Мамырдың 17-18 күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында грек-рим күресінен КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне II ашық облыстық турнир өтті.
20.05.2019
Ольга Сафронова из Павлодара в этом сезоне пока является главной звездой казахстанской лёгкой атлетики. Серию своих успешных выступлений, начавшуюся ещё в в Катаре на Чемпионате Азии она, похоже, и не думает завершать. Буквально вчера она выиграла две медали в далёкой Японии на местном этапе серии "Мирового Вызова".
20.05.2019
В свой заслуженный выходной юные спортсмены профессионального легкоатлетического клуба "Алтай Атлетикс" провели, прогуливаясь по одному из знаковых мест Алматы.
20.05.2019
Главная героиня сегодняшнего дня Елизавета Матвеева рассказала в экспресс-интервью корреспонденту сайта VKsport.kz о том, как сложился для неё пока самый успешный старт в её карьере.
19.05.2019
Усть-каменогорская легкоатлетка клуба «Алтай Атлетикс» Елизавета Матвеева совсем недавно выиграла Чемпионат Казахстана среди юниоров. Но этого ей оказалось мало!
19.05.2019