Главная

Жеңіске жігер берер семинар

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Семей спорт академиясының еркін күрес бөлімінің шәкірттеріне арналып семинар сабақ ұйымдастырылып, шеберлік сағаты өтті. Грек – рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы төрешілер корпусының төрағасы, 1S халықаралық дәрежедегі төреші Ерік Жұмабеков Семей спорт академиясына арнайы келіп, балғын балуандармен кездесті.

Семинар барысында Ерік Оралұлы акедемияның жас балуандарына айла-тәсілдерді тиянақты жасау, қарсыласқа әдіс жасағанда ұтымды қимылдау, ұпай алу сияқты маңызды жайттарды түсіндірді. Ерік Оралұлы әлемдік деңгейде өткен жарыстардан қызу талқыға түскен кездесулердің бейне жазбаларын әкеліп, оқушылардың ортақ талқысына ұсынды. Тіпті, ара-тұра боз кілемде қайталап көрсетіп, қызу пікірталас та жүріп жатты. 

– 16-20 наурыз күндері Талдықорған қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында (2002 – 2004 жылы туғандар) ел чемпионаты өтеді. Сондықтан семинар немесе шеберлік сағатымызды аталған жарысқа психологиялық тұрғыдан дайындық деп те атаған жөн. Бұлар әлі жас қой. Білгендерінен білмегендері көп. Жасаған айла-тәсілдеріне алатын ұпайларын күресе жүріп түгендеп үйренулері керек. Албырттықпен кейде мінездері де сыр беріп қояды. Бапкерімен үнемі үйлесімде болуы қажет. Осының барлығын боз кілемде алқа-қотан отырып, әңгімелесе жеткізіп жатырмыз, – дейді Ерік Жұмабеков.             

Академия директоры, самбо күресінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мерейғалы Көшкінов мұндай семинардың шәкірттер үшін маңызы зор екенін айтады. Мерейғалы Қойшыбекұлының айтуынша, балғын балуандар кейде ережені жете білмегеннен кейін ұтылып жатады екен.

Еркін күрес бөлімінің жаттықтырушылары Жанболат Мағзұмов, Дәулет Мұхамедиев, Рауан Көксегеновтер де семинар шәкірттерінің дамуына және жеңіске жігер беретініне бек сенімді. 

 

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

Новости
На Чемпионате Азии в японском городе Номи казахстанские мастера спортивной ходьбы сотворили историю.
18.03.2019
Кеше Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турниры өз мәресіне жетті. Өкінішке орай, отандастарымыздың бірде-бірі жүлдеге іліне алмады.
18.03.2019
Еркін күрестен ерлер Ұлттық құрамасы қазір Белорусь елінің астанасы Минскіде қызу дайындық жүргізуде.
18.03.2019
Воспитанник усть-каменогорского хоккея помог карагандинской «Сарыарке» сравнять счёт в серии четвертьфинала Кубка Владимира Петрова в противостоянии с «Нефтяником».
18.03.2019
Как и предсказывал наш портал, на Чемпионате Азии по лёгкой атлетике юношеская сборная Казахстана завоевала семь медалей. Заключительный соревновательный день подарил нашей стране сразу три награды!
17.03.2019
Похоже, акиму региона Даниалу Ахметову вновь придется лично вмешиваться в проблемы спортивных функционеров. На этот раз открытое письмо на его имя написали родители воспитанников Академии футбола «Алтай», обеспокоенные отсутствием финансирования спортивного заведения и слухами о его реорганизации.
17.03.2019