Главная

Жүз пайыздық көрсеткіш

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық балуандар Италияда өткен «Matteo Pelliconе Memorial» рейтингілік турнирінде түрлі медальдар жиынтығын иеленіп, ел құрамасының сәтті өнер көрсетуіне сүбелі үлес қосты.

Кеше алдымен 61 келіде Жарма ауданының тумасы Расул Қалиев жарыс жолына беттеді. Бірінші айналымда түркімен балуаны Керим Ходжаковтан 4:1 есебімен басым түсті. Кездесу барысында Қалиевтың күшін үнемдеп күрескені анық байқалды. Себебі, алдағы уақытта Иран, Үндістан елдерінің спортшыларымен шығып қалуы әбден мүмкін еді. Бұл жерде қатысушылардың айналмалы жүйе бойынша белдескендіктерін айта кетейік. Одан кейін белорусьтік Владислав Андреевке 4:2 есебімен жол беріп, артынша жартылай финалда үндістандық Рахул Аварені 12:5 есебімен сан соқтырды. Алайда финалда кезіккен ирандық Мохаммадбагер Яхкеши үлкен қиындық тудырды. Өзі де мығым, физикалық тұрғыда да үлкен дайындықпен келген Яхкеши екі кезең бойынша 7:2 есебімен шығысқазақстандық спортшыдан айласын асырып кетті. Жерлесімізді күміс медальға қол жеткізді дегенде, іле-шала тосын жаңалық сап ете қалды. Мәлім болғандай, ирандық балуан марапаттау рәсімінде өз мемлекетін көрсететін спорттық киімін кимей шыққан. Біріккен Күрес Әлемінің ережесіне сәйкес, медаль алу үшін жоғарыда аталғандай киімің дұрыс болуы керек екен. Ал Иран елінің өкілі қысқа жеңді жейдемен шығып, айтылған ескертулерге құлақ аспаған. Нәтижесінде, Мохаммадбагер Яхкеши осы сайыстан шеттетілген-ді. Одан кейін 74 келіде жерлесіміз Данияр Қайсанов сенімді белдесулер көрсетті. Азия чемпионы деген атағы бар шығысқазақстандық балуан алдымен үндістандық Амит Дханхардан 10:2, ширек финалда канадалық Ясмит Пулькадан 10:0 есебімен басым түссе, жартылай финалда Мирослав Стефанов Кировты 4: 2 есебімен сан соқтырды. Қатарлас белдесуде ақтық сын жолдамасын ресейлік Хетаг Цаболов пен кілем иесі Франк Чамизо сарапқа салғанын айта кеткен абзал. Шиеленісті өткен белдесуде Чамизо 5:4 есебімен соңғы секундтарда жеңісті жұлып кетті. Осылайша, ақтық сында Азия чемпионы мен екі дүркін Әлем чемпионы жолығып, айтарлықтай жарқын белдесу көрсетті. Бастапқыда Қайсанов 4:2 есебімен алда тұрған еді. Кейін италиялық балуан алма-кезек ұпайлап алып, 6:4 есебімен кездесуді өз пайдасына шешті. Мұндай азулы балуанға аз ғана басымдықпен жеңілген Даниярдың аяқ алысы көптеген спорт мамандарының жадында қалары сөзсіз. Сөйтіп, 74 келіде қоржынға күміс түсті. Одан кейін 86 келіде шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков лайықты өнер көрсетті. Алғашқы айналымда АҚШ спортшысын, ширек финалда үндістандық Дипак Пунияны және жартылай финалда словакиялық Борис Маковтарды қоғадай жапырып, финалға жолдама алған. Бұл жерде жерлесімізге сол ирандық балуан қарсы тұрды. Ахмад Базригалені алғашында ұтып жатқан еді. Тіпті, бір рет қапсыра ұстап лақтырған әдісі төрт ұпайға бағаланды. Өкінішке орай, жерлесіміз сол басымдықты ұстап қала алмай, қортындысында таразы басы 19:10 есебімен ирандық балуанға қарай ауып кетті. Өз кезегінде Дәулетбеков те біршама шаршаған. Қоржынға тағы бір күміс түсті. Шығысқазақстандық балуандардың жүлделер легіне 125 келідегі Олег Болтин нүкте қойды. Жартылай финалда ресейлік Павел Кривцовқа есе жіберіп, алтынға таласу мүмкіндігінен айырылған болатын. Десе де, үшінші орын үшін болған белдесуде америкалық Майкл Робинсоннан 12:0 есебімен басым түсіп, ел қоржынына қола медаль салды. Маңыздысы сол, шығысқазақстандық спортшылардың мұндай жетістігі ел құрамасының Ресей мен Иранды артқа тастап, жалпыкомандалық есепте топ жаруына орасан үлес қосты. Естеріңізге сала кетейік, «Matteo Pelliconе Memorial» турнирінде отандастарымыздан 65 келіде Саятбек Оқасов қола, 70 келіде Нұрқожа Қайпанов алтын, сондай-ақ 79 келіде Ғалымжан Өсербаев күміс жүлде еншілеген болатын.

Дата и время публикации: 
26.05.19
Новости
Владислав Григорьев необычайно рано для человека, перенёсшего разрыв ахиллова сухожилия, вновь приступил к лёгким тренировкам, что стало едва ли не самой приятной новостью июня. В разговоре с корреспондентом VKsport.kz рекордсмен Казахстана в беге на 200 м среди юниоров рассказал о том, что ему пришлось пережить.
20.06.2019
22-23 июня на берегу Бухтарминского хранилища состоится турнир по пляжному волейболу в формате микст «Кубок 1С-Рейтинг». В преддверии этого события состоялась пресс-конференция, в ходе которой организаторы приоткрыли некоторые секреты, оставив, правда, и кое-какие «козыри» в рукаве. О них участники и болельщики узнают непосредственно на соревнованиях.
19.06.2019
Суперзвезда мировой лёгкой атлетики Дарья Клишина из России выступит в Казахстане на XXIX международном турнире, посвящённом памяти "серебряного" призёра Олимпийских Игр в Риме-1960 Гусмана Косанова.
19.06.2019
В Токио завершился Чемпионат Азии по фехтованию на шпагах. В составе сборной Казахстана сразу двое наших земляков стали обладателями наград в командном турнире.
19.06.2019
В итальянском городке Вальстанья 16 июня состоялись соревнования в рамках Открытого Кубка Европы по гребному слалому среди юниоров. В одной из попыток усть-каменогорской спортсменке Дарье Масловой удалось даже войти в тройку лидеров.
18.06.2019
Руководитель Федерации лёгкой атлетики РК остался акимом Восточно-Казахстанской области.
17.06.2019