Главная

Ақтық сында ірі есеп тіркелді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Тәуелсіздік күніне орай өңірдегі үздік деген жас футзал командалары Өскеменде бас қосқан еді. Бәсеке 2007 ж.т. ұлдар арасында өрбіді.

Барлығы 12 команда жарыс жолына шықты. Мұнда Риддер қаласынан, Катонқарағай, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарынан және Өскемендегі БЖСМ мен «Алтай» футбол академиясының ойыншылары өзара «кім мықтыны» анықтады. Жастықтарына қарамай біршама тартысты ойын көрсетті. Ақтық сында қос бірдей «Алтай» футбол академиясының ұжымы жолықты. «Алтай-2007-1» мен «Алтай-2007-2». «Алтай-2007-1» 11 рет қарсылас қақпасына саңылау тапты. Темірлан Масалимовтың ойыны жақсы жүрді әсіресе. Айқын жеңіс. Қорытынды есеп 11:4, «Алтай-2007-1» командасы жарыс жеңімпазы атанды. Ал үшінші орын үшін болған ойында Тарбағатай ауданынан келген ойыншылар «Алтай-2007-3» аяқдопшыларын тізе бүктіріп, үздік үштікті түйіндеді. Қорытынды есеп 4:2, тарбағатайлықтардың пайдасында. Ұйымдастыру комитеті бірқатар жоғары деңгейлі ойын көрсеткен ойыншыларды анықтаған екен. Олар:

Үздік қақпашы – Тимофей Матвеев («Алтай-2007-1»)
Үздік қорғаушы – Әлішер Жеңісқайыров (Тарбағатай ауданы)
Үздік шабуылшы – Егор Антропов («Алтай-2007-2»)
Турнирдің үздік ойыншысы – Темірлан Масалимов («Алтай-2007-1»)

Фото resbash.ru сайтынан алынды
Әділхан Есімханов

Раздел: 
Новости
На Чемпионате Азии в японском городе Номи казахстанские мастера спортивной ходьбы сотворили историю.
18.03.2019
Кеше Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турниры өз мәресіне жетті. Өкінішке орай, отандастарымыздың бірде-бірі жүлдеге іліне алмады.
18.03.2019
Еркін күрестен ерлер Ұлттық құрамасы қазір Белорусь елінің астанасы Минскіде қызу дайындық жүргізуде.
18.03.2019
Воспитанник усть-каменогорского хоккея помог карагандинской «Сарарке» сравнять счёт в серии четвертьфинала Кубка Владимира Петрова в противостоянии с «Нефтяником».
18.03.2019
Как и предсказывал наш портал, на Чемпионате Азии по лёгкой атлетике юношеская сборная Казахстана завоевала семь медалей. Заключительный соревновательный день подарил нашей стране сразу три награды!
17.03.2019
Похоже, акиму региона Даниалу Ахметову вновь придется лично вмешиваться в проблемы спортивных функционеров. На этот раз открытое письмо на его имя написали родители воспитанников Академии футбола «Алтай», обеспокоенные отсутствием финансирования спортивного заведения и слухами о его реорганизации.
17.03.2019