Главная

«Восток» бұрымдылары Біріншілік жеңімпазы

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай футболдан 2001 ж.т. және одан кіші қыздар арасында облыс Біріншілігі өз мәресіне жетті.

«Восток» алаңыңда аймақтың үздік командасын анықтау үшін шешуші ойындар өтті. Барлығы бес ұжым қатысқан еді. Команда санының аз болғанына қарамай, бұрымдылар тартысты ойын көрсетті. Тіпті қай ұжымның екінші орын иеленетіні Біріншілік соңына дейін бәріне беймәлім болды. Десе де, барлық сегіз ойында бірде-бір мәрте жеңілмеген «Восток» ойыншылары ұпайдан шашау шығармай, алты ойында жеңіп шықты. Тағы екеуі тең нәтижемен аяқталды. Сөйтіп, өскемендік команда жеңімпаз атанды. Екінші орынға соңғы ойында «Ұлан» ұжымын 2:1 есебімен жеңген «Семей» командасы жайғасса, «Ұлан» командасы тиісінше, үздік үштікті қорытындылады. Айта кетерлігі, ең жас қатысушылар «Ұлан 2» аяқдопшылары сапында екен. Тәжірибенің аздығынан, бұл команда төмен ұпай жинады.

 – Біріншілік жоғары деңгейде өтті. Ойыншылардың еркін ойнауына күн райы да қолайлы болды. Барлығы жақсы дайындықпен келіпті. Алдағы уақытта бірінші айналымды мамыр айына, ал екінші айналымды тамыз айына қоюды жоспарлап отырмыз, – деді облыстық футбол Федерациясы Қауымдастығының атқарушы директоры Оралбек Адылханов.

Ұйымдастыру комитеті жоғары деңгейде ойын көрсеткен қатысушыларды келесі номинация бойынша анықтаған екен: Үздік қақпашы – Ирина Морозова (Семей), Үздік қорғаушы – Алина Садықова (Восток), Үздік шабуылшы – Айжан Әмірханова, Үздік жартылай қорғаушы – Аяулым Русланова (Жарма).

 

Фото автордікі

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
05.11.18
Раздел: 
Новости
Сегодня «Алтай Торпедо» провело повторный матч с «Арланом» и буквально вырвало победу в овертайме!
10.12.2018
Самой результативной волейболисткой команды, вошедшей в ТОП-5 клубного Чемпионата мира, стала Наталья Маммадова.
10.12.2018
За всю историю выступлений «Торпедо» в ВХЛ только двое хоккеистов были более безжалостными по отношению к соперникам нашей команды: Евгений Рымарев и Александр Шин.
10.12.2018
Тәуелсіздік күніне орай Жаңа Бұқтырма кентінде бокстан облыстық турнир өткен еді. Сол додада жоғары деңгейлі нәтиже көрсеткен жарыс қожайындары Елордада болатын республикалық сайыста бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
10.12.2018
Жаңа Бұқтырма кентінде бокстан Тәуелсіздік күніне арналған 2003-2004 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
10.12.2018
Сегодня «Торпедо» встретилось на выезде с пермским «Молотом-Прикамье», и, благодаря «спорной» шайбе, выиграло матч со счётом 3:2!
09.12.2018