Главная

Ел чемпионатынан алтын медаль әкелді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионатында топ жарған шығысқазақстандық спортшыларды салтанатты түрде марапаттап, сый-сыяпат көрсетті.

Шығысқазақстандық хоккейшілер сәуірдің 15-19 аралығында Алматыда өткен ел чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді. Жерлестерімізден өзге, тағы төрт команда жарыс жолына шыққан-ды. Қызығы сол, құрама жаттықтырушысы Александр Комиссаров баптап апарған спортшыларымыз барлық ойында ірі есеппен жеңіске жетті. Қарсылас қақпасынан 24 мәрте саңылау тапқан шығысқазақстандық ойыншылар шешуші кездесуде Нұр-Сұлтан шаһарының өкілдерімен жолықты.

 – Бұл ойында біздің команда бар мүмкіндігін паш етті. Алғашқы екі кезеңде қобалжып, өз ойынын таба алмай жатты. Ал үшінші кезең басталысымен өткір шабуылға шығып, жан-жақты қыспаққа ала бастады. Ойын өз бағытын тауып, жауапсыз шайбалар да ене бастады, – деді команда жаттықтырушысы.

Елордалық ұжыммен болған кездесу 7:1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Жалпы чемпионат барысында команда сапындағы Алексей Ярков «Үздік сұрмерген» атанды. Алты гол және төрт нәтижелі пас шығарған хоккейші команда сапында ерекше белсенділік танытты. Осыған дейін тек жүлдегер атанып келген аймақ құрамасы бұл жолы аса сенімді өнер көрсетіп, өздерімен кубокті қоса ала келді. Өскеменге келген бойда оларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы міндетін атқарушы Азамат Құстыбаев, «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық клуб» КММ-нің басшысы Балғабек Ақшолақов сынды азаматтар құттықтауларын жеткізіп, арнайы  сыйлықтар табыс етті. Айта кетейік, әйгілі хоккейші Борис Александровтың өзін жаттықтырған білікті бапкер Юрий Тархов спортшылардың қолын алып, жылы лебізін білдірді. Бұл сәт те әр ойыншы үшін есте қалар сәт болғаны хақ.

Енді спортшыларымызды желтоқсан айында Италия жерінде өтетін сурдлимпиада ойындары күтіп тұр. Ел құрамасына біздің өңірден 6-7 спортшы өтеді деп күтілуде.

 

Фото автордікі

 

 

           

Дата и время публикации: 
25.04.19
Раздел: 
Новости
Мамырдың 17-18 күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында грек-рим күресінен КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне II ашық облыстық турнир өтті.
20.05.2019
Ольга Сафронова из Павлодара в этом сезоне пока является главной звездой казахстанской лёгкой атлетики. Серию своих успешных выступлений, начавшуюся ещё в в Катаре на Чемпионате Азии она, похоже, и не думает завершать. Буквально вчера она выиграла две медали в далёкой Японии на местном этапе серии Мирового вызова.
20.05.2019
В свой заслуженный выходной юные спортсмены профессионального легкоатлетического клуба "Алтай Атлетикс" провели, прогуливаясь по одному из знаковых мест Алматы.
20.05.2019
Главная героиня сегодняшнего дня Елизавета Матвеева рассказала в экспресс-интервью корреспонденту сайта VKsport.kz о том, как сложился для неё пока самый успешный старт в её карьере.
19.05.2019
Усть-каменогорская легкоатлетка клуба «Алтай Атлетикс» Елизавета Матвеева совсем недавно выиграла Чемпионат Казахстана среди юниоров. Но этого ей оказалось мало!
19.05.2019
Национальный антидопинговый центр Казахстана опубликовал обновленный список спортсменов, которые были дисквалифицированы за наличие в анализах запрещенных веществ.
19.05.2019