Главная

Айбек «Әлем барысы» атанды!

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық спортшы Айбек Нұғымаров ақтық сында отандасымыз Ерсұлтан Мұзафаровты жеңіп, «Әлем барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vksport.kz тілшісі.

Айта кетейік, Әлемнің төрт дүркін чемпионы болған жерлесіміз осы жылғы турнирде барлығы бес белдесу өткізді. Алдымен камерундық Дидон Долассемді еш қиналмастан ұтты. 1/8 финалда литвалық Эрик Бизуновичті айқын ұтса, ширек финалда Өзбекстаннан келген Мухсин Хисомиддиновтың осал тұсын таба білді. Ал жартылай финалда биылғы жылғы дзюдодан Әлем чемпионы болған Гурам Тушишвилимен шеберлік байқасып, тартысты белдесу көрсетті. Алғашында Гурам едәуір қарсылық танытты. Екі бүк ұпаймен алға шығып та жатты. Десе де, тәжірибесі толысқан Айбек жолын тауып, грузиялық қарсыласының аяғын аспаннан келтірді. Тушишвили болса, бұл шешімге көңілі толмай, кілемнен кетіп қалды. Тіпті, қола белбеу үшін күресуге боз кілемге шығудан бас тартты. Сөйтіп, үшінші орын Ресей елінің балуанына бұйырды. Ал финалда шығысқазақстандық спортшы отандасымыз Ерсұлтан Мұзафаровпен жолықты. Ерсұлтанның салмағы бар болғаны 92 келі. Соған қарамастан, жерлесімізге лайықты қарсылық таныта білді. Одан қалса, бірінші болып жамбас ұпайын иеленді. Дегенмен, белдесу аяқталғанға 53 секунд қалғанда Айбек Нұғымаров Ерсұлтанға қарсы әдіс қолданып кетті. Бұл әрекеті таза жеңіске бағаланды. Сөйтіп, жерлесіміз екінші жыл қатарынан «Әлем барысы» атанды.

Фото qsport.kz сайтынан алынды
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
02.12.18
Новости
Известный в прошлом волейболист, а ныне – успешный тренер казахстанского клуба «Сарматы-Атырау» передал привет участникам стартующего послезавтра I Кубка 1С-Рейтинг.
20.06.2019
Сыграли бы со мной в футбик?
20.06.2019
Владислав Григорьев необычайно рано для человека, перенёсшего разрыв ахиллова сухожилия, вновь приступил к лёгким тренировкам, что стало едва ли не самой приятной новостью июня. В разговоре с корреспондентом VKsport.kz рекордсмен Казахстана в беге на 200 м среди юниоров рассказал о том, что ему пришлось пережить.
20.06.2019
22-23 июня на берегу Бухтарминского хранилища состоится турнир по пляжному волейболу в формате микст «Кубок 1С-Рейтинг». В преддверии этого события состоялась пресс-конференция, в ходе которой организаторы приоткрыли некоторые секреты, оставив, правда, и кое-какие «козыри» в рукаве. О них участники и болельщики узнают непосредственно на соревнованиях.
19.06.2019
Суперзвезда мировой лёгкой атлетики Дарья Клишина из России выступит в Казахстане на XXIX международном турнире, посвящённом памяти "серебряного" призёра Олимпийских Игр в Риме-1960 Гусмана Косанова.
19.06.2019
В Токио завершился Чемпионат Азии по фехтованию на шпагах. В составе сборной Казахстана сразу двое наших земляков стали обладателями наград в командном турнире.
19.06.2019