Главная

Айбек Нұғымаров финалда!

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
«Әлем барысы» турнирінің жартылай финалында шығысқазақстандық спортшы грузиялық Гурам Тушишвилиден айласын асырып, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vksport.kz тілшісі.

Алыптар боз кілемде жолықты. Жанкүйерлер тақымын қыса түсті. Себебі, Тушишвили өткен жылы «Әлем барысының» ақтық сынында Нұғымаровқа есе жіберген еді. Осы жолы қайтсем де, жеңіске жетемін деген сеніммен шыққаны жүзінен анық байқалды. Төрешілер белгісінен соң, балуандар бірін-бірі аңдыспай бірден ашық белдесуге көшті. Гурам екі бүк ұпай алып, тегеурінін байқатты. Алайда, соңына дейін салқынқандылық танытқан шығысқазақстандық спортшы сол үйреншікті іштен шалу әдісі арқылы қарсыласының жауырынын жер искетті. Дзюдодан Әлем чемпионы деген дардай атағы бар Грузия елінің балуаны бұл шешіммен үзілді-кесілді бас тартты. Тіпті, төрешіге қолын берместен, кілемнен шығып кетті. Енді қола белбеу үшін жарысты жалғастыра ма, белгісіз...Ал Айбек болса, финалда отандасымыз Ерсұлтан Мұзафаровпен жолығады.
Фото kzvesti.kz сайтынан алынды
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
02.12.18
Новости
Завершился первый соревновательный день Чемпионата Казахстана по лёгкой атлетике. С удовольствием делимся с вами своими впечатлениями об итогах соревнований в остальных дисциплинах.
22.01.2019
Кеше шаһардағы «Спортта дарынды балаларға арналған колледж-интернатында» айтулы шара өтті. Себебі, бұл күні жас спортшылар олимп шыңын бағындырған саңлақтармен жүздескен еді.
22.01.2019
Ещё один чемпионский титул сборной ВКО по лёгкой атлетике принёс Андрей Соколов на домашнем первенстве Казахстана.
22.01.2019
Бүгін Өскеменде бокстан 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында ел чемпионатының екінші күні өтуде.
22.01.2019
Кенийский стайер становится Чемпионом Казахстана.
22.01.2019
Как усть-каменогорские воспитанники в составе «Барыса» начали 2019 год? Активная светская жизнь Асетова, возвращение Кудрявцева и гол Старченко в Матче звёзд КХЛ.
22.01.2019