Главная

Быкова В тобында екінші

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Түркіменстан астанасында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем Чемпионатында қазақстандық зілтеміршілер молынан жүлде алмаса да, бірқатары үздік үштіктен көріне білді.

Өдеріңізге белгілі, сайыстың алғашқы күні Арли Чонтей 55 келі салмақта күміс медаль иеленді. Қоссайыс қорытындысында ол 258 (120+138) келіні еңсерген болатын. Одан іле, қарашаның 6-сы күні жарыс жолына шыққан тағы бір отандасымыз Надежда Лихачева 71 келіге дейінгі салмақта қола медальға  қол созды. Қоссайыс бойынша 242 келіні (112+130) көтеріп, қытайлық Вангли Жанг 267 кг (115+152) және Египет елінің өкілі Сара Ахмедті 252 кг (111+141) алға жіберіп, үшінші орыннан көрінді.

Ал кеше 76 келі салмақта шығысқазақстандық ауыр атлет Екатерина Быкова өнер көрсеткен еді. Семейлік спортшы үшін бұл алғашқы ірі жарыс екенін айта кеткен жөн. Жерлесіміз ортаңқол спортшылар бақ сынайтын В тобында өз мүмкіндігін байқады. Жұлқа көтеруде Екатерина 91 келіні, ал серіппе жаттығуында 119 келіні бағындырды. Қоссайыс бойынша 210 келі жинады. Бұл нәтиже оған В тобында екінші орынға тұрақтауына мүмкіндік берді. Алайда кіл мықтылар А тобында жарыс жолына шықты. Бұл жерде кезекті рет Қытай елінің спортшысы жоғары дайындықпен келгендігін байқатты. Ванг Жойу қоссайыс бойынша 270 келіні (118+152) бағындырды.

 

Фото Vesti.kz сайтынан алынды

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
08.11.18
Новости
«Торпедо» прокомментировало ситуацию с приездом в город Леонида Метальникова вместе с Кубком Петрова.
23.05.2019
Мұндай шешім кеше Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында шығарылды.
23.05.2019
Говорите, спорт вне политики? Как бы не так!
23.05.2019
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Италияда өткен жастар арасындағы «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде жүлдені молынан алды. Оның ішінде шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетті.
23.05.2019
Леонид Метальников привёз Кубок Владимира Петрова в свой родной город, чтобы показать его всем болельщикам.
23.05.2019
Экс-главный тренер женской усть-каменогорской волейбольной команды «Алтай» теперь станет самой большой для неё угрозой.
22.05.2019