Главная

Денис Ұланов: «Жарақаттар айтарлықтай кедергі болды»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Ауыр атлетикадан Ашхабадта өтіп жатқан Әлем Чемпионатында қалың жанкүйер шығысқазақстандық спортшыдан жүлде күткендіктері анық. Алайда бұл жолы үздік үштікке ілінудің сәті түспеді.

Рио Олимпиадасында жерлесіміз Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққандығы баршасына мәлім. Ол жерде қоссайыс бойынша 390 кг (175+215) еңсеріп, төртінші орынға тұрақтады. Кейіннен румындық спортшының қанынан допинг табылып, қола жүлде жерлесімізге берілді. Сол допинг дауының себебінен, қазақстандық зілтеміршілер бір жылға халықаралық жарыстардан шеттетілген-ді. Ал оның аяқталу мерзімі қазанның 19 күні болатын. Сөйтіп, ел құрамасы бірнеше оқу-жаттығу жиынын жүргізіп, Ашхабадқа жол тартты. Толық құраммен барды. Десе де, ауыр атлеттер ұшаққа отырарда Илья Ильиннің жарақатына байланысты сайысқа қатыспайтыны мәлім болды. Нәтижесінде 109 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қызылордалық Александр Зайчиков, 102 келі дәрежесіне түсті. Ал шығысқазақстандық зілтемірші Денис Уланов 89 келіге әзірленіп барды. Алайда жарыс барысында Денистің жарақаты сыр бере бастағандай болды. Себебі, көрсеткен нәтижесі тым төмен. Жалпы қорытындысында, ол Әлем Чемпионатын 14-ші орынмен аяқтады. Осы орайда сайт тілшісі спортшымен байланысқа шығып, сәтсіз өнер көрсетуінің себебін біліп көрген еді.

 – Негізі Талдықорғанда өткен ел Чемпионаты алдында бабымда едім. Тамыз айында жаттығу кезінде жүріп, күтпеген жерден иығым ауырсынды. Ал Чемпионаттан кейін дәрігерлер көмегімен емдей бастадық. Осы кезде тағы бір жарақатым пайда болды. Соның салдарынан қатты тәуекелге бармадым. Жарақаттар айтарлықтай кедергісін келтірді. Одан құлан-таза айықсам, жақсы нәтижелер көрсетуге болады, – деді Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Сондай-ақ спортшының айтуынша, мамыр айында өткен ел Кубогінде ол қоссайыс бойынша 375 кг (170+205) еңсеріп, топ жарған. Болмағанда сол көрсеткішін қайталағанда, бірінші орын иеленетінін айтты.

 

Фото спортшының жеке мұрағатынан алынды

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
09.11.18
Новости
Для Ольги Сафроновой серия международных стартов продолжается. Вслед за триумфальным Чемпионатом Азии в Дохе и Чемпионатом мира по эстафетному бегу в Йокогаме сильнейшая казахстанская спринтерша выступит на международном турнире в Осаке.
18.05.2019
Бүгін Жарма ауданында грек-рим күресінен даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне ұйымдастырылған ашық облыстық турнирдің алғашқы күні өтті.
17.05.2019
В Алматы завершился Чемпионат Казахстана по лёгкой атлетике среди юниоров.
17.05.2019
В заключительный соревновательный день были разыграны шесть комплектов наград, половина золотых медалей которых досталась сборной Карагандинской области.
17.05.2019
Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне грек-рим күресінен ашық облыстық турнир Жарма ауданының Қалбатау ауылында жалғасын табуда.
17.05.2019
Төл спортымыз – қазақ күресінен Әлемнің төрт дүркін чемпионы Айбек Нұғымаров бүгін облыс орталығында өткен VII облыстық IT-фестивальіне арнайы қонақ ретінде қатысты.
16.05.2019