Главная

Екі жыл «кешіккен» қола

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Ашхабад төрінде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем Чемпионатында қоржынға тағы бір қола медаль түсті. Алайда бұл жүлденің отандық ауыр атлетика үшін орны бөлек.

Қарашаның 6-сы күні шығысқазақстандық зілтемірші, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған болатын. Жаңа салмақта өз мүмкіндігін байқап көру үшін В тобында өнер көрсетті. Алайда иығындағы ескі жарақаты сыр берді ме, әлде дайындығы шабан болды ма, нәтиже көпшілік күткендей болмады. Қоссайыста 25 жасар спортшы 352 келіні (160+192) көтеріп, В тобында тек алтыншы орынға жайғасты. Ал жалпы қорытындысында Әлем Чемпионатын 14-ші орынмен аяқтады.

Дегенмен, маңыздысы бұл емес. Әлем Чемпионаты кезінде шығысқазақстандық спортшыға Рио Олимпиадасының қола медальі салтанатты түрде берілді. Бұл ретте румындық спортшы Габриель Синкраян Рио Олимпиадасында үздік үштіктен көрінген болатын. Кейін ол тыйым салынған препарат қолданғаны үшін қола медальдан қағылды. Дениске екі жыл «кешіккен» жүлдені Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысы Тамаш Аянның өзі табыстады.

 – Көңілім толқып тұрғаны рас. Әрине, олимпиадалық тұғырдағыдай сезім боламаса да, осылай салтанатты түрде табыс еткендері ерекше жайт болды. Тіпті, көк байрағымызды да көтерді. Ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына алғысымды білдіргім келеді. Тұтас құраманың Рио Олимпиадасына қатыспауы мүмкін еді. Бұл ретте еліміздегі Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевқа үлкен ризашылығымды жеткіземін. Солардың күш салуымен Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап қайттық, – деді Уланов ауыр атлетика федерациясына берген сұхбатында.

 

Фото wfrk.kz сайтынан алынды

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
08.11.18
Новости
«Торпедо» прокомментировало ситуацию с приездом в город Леонида Метальникова вместе с Кубком Петрова.
23.05.2019
Мұндай шешім кеше Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында шығарылды.
23.05.2019
Говорите, спорт вне политики? Как бы не так!
23.05.2019
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Италияда өткен жастар арасындағы «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде жүлдені молынан алды. Оның ішінде шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетті.
23.05.2019
Леонид Метальников привёз Кубок Владимира Петрова в свой родной город, чтобы показать его всем болельщикам.
23.05.2019
Экс-главный тренер женской усть-каменогорской волейбольной команды «Алтай» теперь станет самой большой для неё угрозой.
22.05.2019