Главная

Қоржынға кемі қола медаль салар еді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Кімнің салуы мүмкін? Аргентина астанасында өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына өңірімізден бірқатар спорт түрлерінен саңлақтарымыз бармай қалды.

Соның бірі ауыр атлетика бойынша. Қазақтың оң жамбасына келетін бокс, күрес түрлерінен бөлек, соңғы уақыттары зілтемір бәсекесінен де спортшыларымыз түрлі додаларда олжа салып жүр. Өткен жылы Тайланд төрінде өткен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Әлем Чемпионатында өскемендік Дарья Павлова 63 келіде сынға түсті. Сол жерде күміс жүлде иеленіп, айды аспанға шығарған еді. Жерлесіміз қоссайыс қорытындысында 201 кг (90+111) еңсеріп, тек қытайлық бұрымдыға жол берді. Осыдан барып, Дарьяға Буэнос-Айрестегі Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында бақ сынауға жол ашылған болатын. Осы уақытқа дейін ол Болгарияда оқу-жаттығу жиынында болды. 36 күн бойы тыңғылықты дайындық жүргізді. Алайда Олимпиада ойындарына аз күн қалғанда ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті) Ресей, Қытай және біздің құраманы ол сыннан шеттеп тастады. Яғни, 2008 және 2012 жылдардағы допинг дауынан соң ауыр атлеттеріміз бір жылға халықаралық жарыстардан тысқары қалды. Енді сол жазалау мерзімі тек қазанның 19 күні бітетініне орай, спортшыларымыз төртжылдықтың басты бәсекесіне қатысай алмай қалды. Ал Дарья баратын болса жүлдеден шет қалмайтынына сенім мол. Оның айтуынша, өзінің жеке рекордын сол Болгарияда тіркепті. Жұлқа көтеруде 96 кг, ал серіппе жаттығуында 118 келіні көтерген екен. Өздеріңіз байқағандай, Тайландтағы нәтижесінен анағұрлым жоғары. ХОК-тың жаңа салмақтарды енгізуінен кейін ол 64 келіге шығуды жоспарлапты. Бағым мен бабым келіссе үздік үштіктен орын алар едім деп өзі де тілге тиек еткен еді. Демек, ел құрмасы кемі қола жүлдеден айырылып отыр.

Сол Әлем біріншілігінде оған Қытай, Венесуэла, Ресей, Мексика елдерінің бұрымдылары қарсылық көрсеткен. Оның ішінде аспан асты елінің өкілі Лин Фанг 210 кг (93+117) еңсеріп, топ жарған-ды.

Айта кетейік, аймақ құрамасы Оралдағы 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы ел чемпионатына жол тартты. Қазанның 11 мен 16 аралығында өтетін жарыста Дарья 64 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды.

 

Фото спортшының жеке мұрағатынан алынды

Әділхан Есімханов

 

Дата и время публикации: 
10.10.18
Новости
Шығысқазақстандық балуандар Италияда өткен «Matteo Pelliconе Memorial» рейтингілік турнирінде түрлі медальдар жиынтығын иеленіп, ел құрамасының сәтті өнер көрсетуіне сүбелі үлес қосты.
26.05.2019
В Алматы завершилась V Летняя Спартакиада по лёгкой атлетике. Триумфаторами стали хозяева соревнований сборная Алматы. А вот за второе место в медальном зачёте нешуточная борьба развернулась именно в заключительный соревновательный день.
26.05.2019
Павлодарская суперзвезда Ольга Сафронова продолжает одерживать победы, Михаил Литвин продолжает эксперименты, а "Алтай Атлетикс" продолжает "штамповать" медали. Все главные события минувшего соревновательного дня V Спартакиады РК.
25.05.2019
Точку в пребывании в Усть-Каменогорске Кубка Петрова и его обладателя, воспитанника усть-каменогорского хоккея Леонида Метальникова поставила пресс-конференция, организованная энтузиастами хоккея.
25.05.2019
В волейбольной «Бизнес-лиге» Восточно-Казахстанской области начинается самая горячая пора – время определять тех, кто станет новым чемпионом, а чьим мечтам о титуле придётся сложить голову.
25.05.2019
В ходе вечерней программы V Спартакиады РК был показан только один результат на уровне МСМК. Впрочем, как и в утренней.
24.05.2019