Главная

Үздіктері республикалық паралимпиада ойындарына барады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскемендегі «Олимпиец» спорт кешенінде пара пауэрлифтингтен тірек-қимыл жүйесі зақымдалған және көру қабілеті төмен жандар арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтуде.

Аталмыш сайыс алдағы болатын елішілік бәсекелерге іріктеу мақсатымен ұйымдастырылды. Алты команда қатысуда. Атап айтсақ, Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, Жарма, Ұлан және Алтай аудандарынан ұзын саны 30-дан асатын спортшы жиналды. Мұнда ерлер де әйелдер де сегіз салмақ бойынша сынға түсуде. Қатысушылар санының енді артып келе жатқандығын ескере келе, төрешілер жас ерекшелігіне шектеу қоймады. Сайыстың ашылуына бокстан еліміздің жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сатжанов, облыстық дене шынықтыру спорт басқармасының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Құсынбаев, Семей қалалық мәслихатының депутаты, ШҚО пара пауэрлифтинг федерациясының президенті Андрей Алтайбаев сынды азаматтар қатысты.

 – Осындай шараларды спорт мерекесі деп қабылдасақ артық болмас. Мұнда қатысып отырған әр қатысушы ерік-жігері мықты, қайсар жандар. Сіздерге тек жоғары жетістікке жетіп, жекелей көрсеткіштеріңіз де ойдағыдай болсын демекпін, – деді Серік Қайсенұлы.

Жарыстың бас төрешісі Андрей Белослувцевтің айтуынша, жүлде үшін бірқатар тәжірибелі спортшылар да талас жүргізуде. Атап айтсақ, жармалық Зарина Примак маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Одан өзге де елішілік додалардың жүлдегерлері бар. Айта кетейік, чемпионат қорытындысында облыс құрамасы жасақталады. Үздіктері қыркүйек айында Ақтауда өтетін республикалық паралимпиада ойындарында бақ сынайды.

 

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
11.04.19
Новости
Өскеменде шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионатында топ жарған шығысқазақстандық спортшыларды салтанатты түрде марапаттап, сый-сыяпат көрсетті.
25.04.2019
2 апреля был особенным днём. Эта дата ознаменовалась празднованием 70-летнего юбилея известного энтузиаста волейбола Жумаша Урунтаева. И 20 апреля в честь своего юбилея решил провести турнир.
25.04.2019
Кеше Өскемендегі «Дзюдо» орталығында 23 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Үздіктері мамыр айының басында өтетін ел чемпионатында бақ сынайды.
25.04.2019
Леонид Метальников выиграл главный трофей ВХЛ, оформив вместе с «Сарыаркой» рекорд лиги.
25.04.2019
Жерлестеріміздің сәуір айындағы байрақты бәсекелерде бәсі жоғары болып тұр. Дзюдошылар мен балуандардан бөлек, каратэшілер де қоржындарын кезекті жүлделермен толықтырды.
24.04.2019
Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында ел құрамасына екінші алтынды шығысқазақстандық балуан Данияр Қайсанов әперді.
24.04.2019