Главная

Даниал Ахметов: «Балалардың емес, жаттықтырушылардың көзқарасын өзгертуіміз керек»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Семей қаласына кезекті жұмыс сапарымен келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей спорт академиясына аялдады. Академия директоры Мерейғалы Көшкінов облыс әкіміне атқарылып жатқан жұмыстар жайында, оқушылардың жетістіктері жөнінде жан-жақты айтып берді.

Естеріңізде болса, спорт академиясы жанынан Даниал Ахметовтің бастамасымен екі жыл бұрын спортқа бейімі мен бейілі бар балаларға арналып 200 орынға шақталған жатақхана ашылған еді. Қазір мұнда күрестің бірнеше түрімен шұғылданатын, волейболмен айналысатын жөсөспірім ұл - қыздар тұрып жатыр. Жалпы, аймақ бойынша қазір волейболдың дамуы өзге өңірлерге қарағанда көш ілгері. Соның бір дәлелі – облыстың «Алтай» қыздар құрама командасының халықаралық дәрежеде үздік ойын өрнегін көрсетуі. Осы ретте «Алтайдың» кәсіби деңгейін арттырып, қарқынын жоғалтпау мақсатында бірнеше қосалқы командалар да құрылған-ды. Оларды қосалқы деп қомсынуға болмайды. Өйткені елішілік жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуде. Семей спорт академиясындағы «Алтай-4» ұжымында 14 пен 17 жас аралығындағы 30 жасөспірім қыз тәлім алуда. Олардың алдағы уақытта команданың негізгі ойыншыларына айналуына мүмкіндіктері мол.
Өңір басшысы алдымен волейболшы қыздардың жаттығуын ден қоя тамашалады. Жапониядан келген Саэ Ишида есімді жаттықтырушы қазір академияда тәлім алып жатқан волейболшы қыздарға білгенін үйретуде. Қимылдары ширақ, қозғалыстары шапшаң, өзара әрекеттесе қызу жаттығудағы қыздарға облыс әкімі «дайын команда» деп бағасын берді. Жапон қызына да алғысын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі. – Келесі жылы сіздер «Алтай-3» кәсіби командасының ойыншысына айналасыздар деп үміттенемін. Ол үшін тынбай жаттығу жасауларыңыз қажет. Сіздердің білікті бапкерлеріңіз бар. 2020 жылы өтетін Токиодағы Олимпиада ойындарында «Алтай» командасы ұлттық құраманың негізі болатынына сенімдімін, – деген облыс әкімі жас волейболшыларға спортта жетістікке жетуде мықты жаттықтырушы мен спортшының еңбекқорлығы аса маңызды екенін атап өтті.
– Біз Жапония, Сербия елдерінен мықты жаттықтырушыларды шақырдық. Шетелден шақыртқан бапкердің айырмашылығы неде деген сұрақ туындауы мүмкін. Олар жаттығуды күніне үш сағаттан екі уақыт өткізеді. Мұндай жаттығу жасау жүйесі облыс, тіпті, елімізде де жоқ. Міне, жетістікке жету жолының басы осында жатыр. Биікті бағындырғымыз келеді екен, онда спортқа балалардың емес, жаттықтырушылардың көзқарасын өзгертуіміз керек, – деп атап өтті облыс әкімі Семей спорт академиясындағы кездесуде.

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі

Раздел: 
Новости
На Чемпионате Азии в японском городе Номи казахстанские мастера спортивной ходьбы сотворили историю.
18.03.2019
Кеше Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турниры өз мәресіне жетті. Өкінішке орай, отандастарымыздың бірде-бірі жүлдеге іліне алмады.
18.03.2019
Еркін күрестен ерлер Ұлттық құрамасы қазір Белорусь елінің астанасы Минскіде қызу дайындық жүргізуде.
18.03.2019
Воспитанник усть-каменогорского хоккея помог карагандинской «Сарарке» сравнять счёт в серии четвертьфинала Кубка Владимира Петрова в противостоянии с «Нефтяником».
18.03.2019
Как и предсказывал наш портал, на Чемпионате Азии по лёгкой атлетике юношеская сборная Казахстана завоевала семь медалей. Заключительный соревновательный день подарил нашей стране сразу три награды!
17.03.2019
Похоже, акиму региона Даниалу Ахметову вновь придется лично вмешиваться в проблемы спортивных функционеров. На этот раз открытое письмо на его имя написали родители воспитанников Академии футбола «Алтай», обеспокоенные отсутствием финансирования спортивного заведения и слухами о его реорганизации.
17.03.2019