Главная

Ернар, Мәди, Сафура үздіктер қатарында

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде наурыздың 5-11 аралығында алғаш рет волейболдан оқушылар арасында Ұлттық мектеп лигасы өтті.

Бір аптаға созылған жарыс республикалық деңгейде болды. Айта кетейік, шараны облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы мен білім министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы тізе қосып ұйымдастырды. Жүлделі орындар жасөспірімдер мен қатар қыздар арасында да анықталды. Ұлдар арасында аймақ намысын Тарбағатай ауданының Жетіарал мектебінің оқушылары қорғады. Олар мұның алдында облыстық кезеңде қарсылас шақ келтірмей, оза шапқан еді. Команданы сол Жетіарал мектебінің дене тәрбиесі пәнінің ұстазы Қанат Баяхметов жаттықтырғанын айта кеткен жөн. Алғашқы ойын Астана қаласынан келген ұжыммен өтті. Жергілікті команданың алғашында қобалжығанын аңғару қиынға соқпады. Өзара түсініспеушілік пен тосқауылдағы олқылықтар ұпай алуға кедергісін келтірмей қоймады. Десе де, дер кезінде жинақылық таныта білген шығысқазақстандық команда екі сетте де басым түсті. Ал Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да тартысты кездесулер бұрымдылар арасында өрбіді. Бұл жақта да сайыс қожайындары сауатты ойнай білді. Алайда Алматы қаласының ұжымына қарсылық таныту мүмкін болмады. Нәтижесінде қыздар командасы алматылықтардан кейін екінші орынға жайғасты.

Үздік үштікті Жамбыл облысының волейболшылары түйіндеді. Ұлдар арасында кейіннен нағыз шиеленісті ойындар көрініс тапты. Шығысқазақстандық ұжым топтан шыққан бойда астаналықтармен жолы қайта түйісіп, бұл жерде Қанат Баяхметов шәкірттері екі сетте де жеңіліс тапты. Алайда, жүлделі орыннан шет қалмады. Мектеп лигасында жасөспірімдер арасында сол Астана қаласының ойыншылары топ жарды. ШҚО командасы екінші, ал Ақтөбе облысының волейболшылары жүлделі үштікті қорытындылады. Сайыс соңында үздік ойыншылар жекелей аталымдармен марапатталды. Бұл жерде қыздар арасында Сафура Сембинова «Үздік тосқауылшы» номинациясына лайық болды. Ал жасөспірімдер арасында Ернар Тұрысбеков «Үздік шабуылшы», сондай-ақ Мәди Ұлықбеков «Үздік либеро» деп ерекшеленді.

Раздел: 
Новости
На Чемпионате Азии в японском городе Номи казахстанские мастера спортивной ходьбы сотворили историю.
18.03.2019
Кеше Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турниры өз мәресіне жетті. Өкінішке орай, отандастарымыздың бірде-бірі жүлдеге іліне алмады.
18.03.2019
Еркін күрестен ерлер Ұлттық құрамасы қазір Белорусь елінің астанасы Минскіде қызу дайындық жүргізуде.
18.03.2019
Воспитанник усть-каменогорского хоккея помог карагандинской «Сарыарке» сравнять счёт в серии четвертьфинала Кубка Владимира Петрова в противостоянии с «Нефтяником».
18.03.2019
Как и предсказывал наш портал, на Чемпионате Азии по лёгкой атлетике юношеская сборная Казахстана завоевала семь медалей. Заключительный соревновательный день подарил нашей стране сразу три награды!
17.03.2019
Похоже, акиму региона Даниалу Ахметову вновь придется лично вмешиваться в проблемы спортивных функционеров. На этот раз открытое письмо на его имя написали родители воспитанников Академии футбола «Алтай», обеспокоенные отсутствием финансирования спортивного заведения и слухами о его реорганизации.
17.03.2019