Главная

Азия чемпионы енді Қарғалыға бет алады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шахматтан өткен жылы Филлипиндегі құрлықтық чемпионатта топ жарған өскемендік Алмагүл Чакеева енді Алматыға жол тартады.

Жарысқа емес бұл жолы. Не себепті дегенге, саяхаттап деген жөн болар. Себебі, тәжірибелі шахматшы жуырда ғана білім және ғылым қызметкерлері қатысқан облыстық спартакиадада Өскемен құрамасының сапында болып, жеңіске жеткен болатын. Яғни, жеті ойын өткізіп, барлығында қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Командаласы Александр Шевченко да ұпайдан шашау шығармай, ол да үздік шықты. Спортшының айтуынша, осы жеңістер өскемендіктерді жалпыкомандалық бірінші орынға шығаруға негіз болды. Волейболшылар да сәтсіз өнер көрсетіп, тек бесінші орыннан көрінген екен. Қортындысында, жоғарыда аталған шахмат, волейбол, үстел теннисі және тоғызқұмалақ бойынша ортақ нәтиже шығарылды.  Сонда Күршімнен келген қатысушылар 96,5 ұпаймен екінші және Ұлан ауданының командасы 91,5 ұпаймен жүделі үштікті түйіндеді. Енді аталмыш спартакиадада алғашқы үш орынды иеленген командалар бес күнге Жамбыл облысындағы Қарғалы демалу және сауықтыру пансионатына жолдама алып отыр.

Бұл ғана емес, Алмагүл Чакееваның шәкірттері де біртіндеп елішілік додаларда олжа салуда. Жуырда Талдықорғанда өткен Етай Имамберлинов мемориалында тоғыз шәкіртін аламанға қосып, соның бесеуі жүлделі орынға іліккен. Бір айта кетерлігі, бұл жерде қатысушылар бесінші орынға дейін марапатталды. Блиц пен рапид түрінен бақ сынасып, Елназ Біржан екінші, ал Іңкәр Мерекеқызы үшінші орын еншілеп қайтты. Әділжан Садыбеков төртінші, Раббил Манкей бесінші орын алса, Іңкәр Мерекеқызы рапид бойынша үздік бестікке енді. Тәжірибелі шахматшының шәкірттерінің нәтижесіне көңілі тоқ. Себебі, еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық жеткіншектің басын қосқан додадаға алғаш рет қатысқан еді олар. Енді осы шахматшылар маусымның 4-6 аралығында Қостанайда өтетін республикалық турнирге барады.

 

Фото шахматшы тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
19.05.19
Новости
«Алтай» выиграл Кубок Казахстана просто деморализовав соперника своим умением держать удар.
22.09.2019
В Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград Кубка Казахстана по волейболу среди женских команд. В довольно странном матче между «Алматы» и «Жетысу» победу одержал более титулованный клуб из Талдыкоргана.
21.09.2019
«Алтай-2» и «Куаныш» разыграли пятое место в Кубке Казахстана по волейболу среди женских команд.
21.09.2019
В первой игре последнего заключительного дня приняли участие сразу три воспитанницы волейбола ВКО.
21.09.2019
Второй полуфинал Кубка Казахстана по волейболу имел просто потрясающую вывеску: самый титулованный клуб в истории страны против команды, которая претендует на побитие этого рекорда. Бурхан Жанболат против своего детища. Аниконова против Сафроновой в очной битве за звание лучшей блокирующей. И такое перечисление можно делать сколько угодно. Приятно, что и сама игра вывеске вполне соответствовала!
20.09.2019
Екатерина Бородай помогла «Иртыш-Казхрому» выйти в финал Кубка Казахстана. Также определились участники матчей за седьмое и пятое места по итогам Кубка Казахстана в Усть-Каменогорске.
20.09.2019