Главная

Бір жарыстан сегіз жүлде иеленді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық пара жүзуші Нұрәлі Советханов Германия төрінде өткен Әлем Кубогінде жүлдені молынан иеленді.

 

2018 жылдан бері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық клуб» КММ-нің тәрбиеленушісі Нұрәлі Советхановтың есімі елішілік пара жүзу спортында кеңінен айтыла бастады. Былтыр Әлем кубогінде топ жарып, ел қоржынына алтын медаль әперсе, биыл да сол үдеден шыға білді. Тіпті, жанкүйерлер күткенін асырып орындады деуге негіз бар. Атап айтсақ, төрт адамнан қатысатын эстафета сынында 50 метр қашықтықта алдына жан салмады. Қос күмісті 4*50 және 4*100 метрге аралас жүзуден иеленсе, тағы үш күміс 50 метрге, 100 метрге, сондай-ақ абсолют дәрежеде 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бұйырды. Сонымен қатар шығысқазақстандық өренге S13 тәртібінде брасс әдісімен жүзуде қарсылас шақ келмей, қоржынын кезекті алтын жүлдемен толықтырды. Берлин шаһарындағы жеңісті жолды жалғастыруға себеп болған спортшының бапкері Максим Филимоновтың еңбегін айта кеткен абзал.

 

Естеріңізге сала кетейік, Нұрәлі осының алдында Италияда өткен Әлем кубогінің кезеңінде де екінші орыннан көрінген болатын. 100 метрді брасс әдісімен жүзуде 1 минут 10 секунд уақытымен мәреге екінші болып жетті.

 

 

 

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

 

Дата и время публикации: 
10.06.19
Новости
Вчера стало окончательно известно о том, что Александр Шин и Евгений Рымарев впервые с сезона 2014/15 проведут хоккейный год в разных командах. Кто из них потеряет от этого разделения больше?
27.05.2020
Волейбол, и ничего кроме.
27.05.2020
Вратарь системы «Барыса» Сергей Кудрявцев, большую часть сезона 2019-2020 отыгравший в ВХЛ за «Номад», подвел итоги хоккейного года и поделился мыслями о будущем.
27.05.2020
Золото, командное серебро и достойное поражение от фаворита – вот чем запомнился этот день любителям спорта ВКО в разные годы.
26.05.2020
Портал VKsport.kz решил узнать мнение людей об информации о возможном назначении Олега Болякина на должность главного тренера «Торпедо», являющихся на своём уровне специалистом в хоккее, но представляющих при этом абсолютно разные сферы деятельности в этом виде спорта.
24.05.2020
Предложения болельщиков, золотоносные бойцы, золотой прорыв Жолудева, приезд легенды и визит Кубка – день 23 мая был просто забит заметными событиями в истории спорта ВКО.
23.05.2020